«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Төтенше жағдайларды жоюға бағытталған оқу-жаттығу

Төтенше жағдайларды жоюға бағытталған оқу-жаттығу
Ашық дереккөз
Наурыздың алғашқы аптасында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің 9 өңірінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.

Бұл іс-шара көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуы кезінде төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға бағытталған су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу бойынша бірыңғай кешенді міндет форматында ұйымдастырылды. Практикалық бөлім шеңберінде халықты хабардар ету, ақпараттандыру, қорғау бөгеттерін нығайту, су өткізу құрылыстарын, каналдар мен арықтарды тазарту, инертті материалдарды дайындау, қар шығару, сондай-ақ авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын, зардап шеккен халықты эвакуациялау және орналастыру жөніндегі іс-шараларды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Осы уақыт ішінде 56 километр бөгет нығайтылып, 1088 су өткізу құрылысы, 364 километр арықтар мен каналдар тазартылды. 97 мың тонна инертті материалдар дайындалып, сондай-ақ 508 мың текше метр қар шығарылды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына аула аумақтарын, 477 тұрғын үй мен 67 әлеуметтік нысанды, оның ішінде қарттар үйлерін, интернаттар мен сәбилер үйлерін тазалау бойынша көмек көрсетілді. Хабарлау және байланыс жүйесінің төтенше жағдай режимінде жұмыс істеуге дайындығы тексерілді. Өңірлерде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиялардың, су тасқынына қарсы және эвакуациялық комиссиялардың, азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарының жедел штабтарының жұмысы ұйымдастырылды.

Аумақтың қауіпсіздік паспорттарын, төтенше жағдайды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызметтерінің өзара іс-қимылы жөніндегі картографиялық материалдарды нақтылау және түзету жүргізілді, тиісті өзгерістер енгізілді. Халықты құлақтандыру және ақпараттандыру бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын, эвакуациялауды, инженерлік жұмыстарды жүргізу бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу шеңберінде 5 мыңнан астам адам және 2 мыңнан астам техника, барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарды тарта отырып, 196 тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар