
Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс әкімі оқушылармен бірге 150-ге жуық ағаш отырғызды.
Игілікті шара «Ұлы дала» (15) шағынауданында да өтті. Оған облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, зиялы қауым, құқық қорғау органдарының өкілдері, спортшылар мен жастар қатысып, 500 түп ағаш көшетін екті.
Бұл күні Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларының тұрғындары «Таза қала» акциясына бір кісідей жұмыла кірісті. 29 наурызға дейін жалғасатын шарада күл-қоқыстар шығарылып, арық-атыздар, каналдар тазаланады.
Сонымен бірге апта сайын барлық ауданда жаппай сенбілік ұйымдастырылады.
19, 20, 27 наурыз күндері «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу», «Жасыл қала», «Қалаға арналған ағаш» акциялары бойынша облыс орталығы мен аудандарда жаппай ағаш отырғызылады деп күтілуде.
Айта кетейік, «TazaLike» 15 наурыздан 20 сәуірге дейін жалғасады. Акция аясында өтетін барлық іс- шараларға демеушілер тартылып, 7 мыңнан аса тал отырғызу жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Елім деп туған ер Баукең
- 26 сәуір, 2025
Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді