Шаңырақ күні – отбасы беріктігі мен ұлттық бірліктің айнасы
- author «Ақ жол»
- 16 наурыз, 2025
- 89

Шаңырақ – киіз үйдің ғана емес, бүтін бір халықтың нышаны. Оның дөңгелек келбеті – шексіз өмірдің, татулық пен үйлесімділіктің белгісі. Киіз үйдің шаңырағы мықты болсын десең, уығы берік, керегесі кең болуы шарт. Сол сияқты, елдің болашағы жарқын болсын десек, әр шаңырақтың іргесі бекем, отбасы құндылықтары мығым болуы тиіс.
Қай заманда болсын қазақ халқы үшін шаңырақ – киелі ұғым. «Шаңырағың биік болсын!» – деп бата берген ата-бабамыз бұл сөздің астарына үлкен мағына сыйғызған. Шаңырақ – әулеттің беріктігі, ұрпақ сабақтастығы, татулықтың белгісі. Сол себепті бұл күн жас ұрпақтың бойына отбасына деген құрметті, үлкенге ізетті, кішіге қамқор болуды сіңіруге үндейді.
Шаңырақ күніне орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі мәдени іс-шаралар өтеді. Отбасы құндылығын нығайтуға бағытталған жиындар, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін көрмелер, дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылады. Бұл – халқымыздың бірлігі мен татулығын паш ететін маңызды бастама.
Қазақ халқында «Шаңырағың шайқалмасын!» деген тілек бар. Осы арқылы үлкендеріміз үйдің амандығын емес, отбасының бүтіндігі мен халықтың ынтымағын тілеп отыр. Сондықтан Шаңырақ күні – бір отбасының ғана емес, бүкіл елдің мерекесі!
Бұл күні облыс көлемінде де тұрғындардың бірлігін нығайтып, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамытуға үлес қосатын мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Шаңырақ күні – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, бірлікті нығайтатын ерекше мереке.
Мұқағали Балтабаев
Ұқсас жаңалықтар
«Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- 16 наурыз, 2025
Отбасы құндылығы – ортақ мүдде
- 16 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді