Таразда «қайырымдылық күніне» арналған іс-шаралар легі өтті
- author «Ақ жол»
- 15 наурыз, 2025
- 619
Шаһар басшысы Бақытжан Орынбеков балаларды Әз Наурыз мерекесімен құттықтап, жүрекжарды тілегін айтты. Содан кейін орталық тәрбиеленушілеріне арнайы дайындалған сый-сияпаттар ұсынды.
Балалар да өз кезінде қала басшысынан сый-құрметіне алғыстарын жеткізді. Өнерлі өрендер ән мен биден шашу шашып, өнерлерін ортаға салды. Концерттік бағдарламадан соң қала әкімі орталықтың ішін аралап, ақ дастархан басында балалармен еркін әңгіме өрбітті.
Айталық, шаһар басшысы балалардың шығармашылық көрмесін тамашалап, «Stars» сән және сұлулық мектебі, отбасы үлгісіндегі «Қуаныш» және «Балауса» жанұясы, «Адалдық» дүкені, «Тігін және қол өнер шеберханасы», «Бейнелеу өнері», «Коворкинг орталығы», «Ас отау» аспаздық үйірмесі, «Психологиялық қызмет», «Медиация» бөлмелерімен танысты.
Жалпы орталықта бүгінде 107 бала тәрбиеленіп жатыр. Мұнда тәлім алушыларға «Ас-отау» аспаздық, «Сымбат» тігін, «Жібек» бейнелеу өнері, «Балауса» би, «Прима» театр, «Томирис» сұлулық мектеп үйірмелері арқылы кәсіби бағдар беріледі. Сонымен қатар, футбол, еркін күрес, армрестлинг, баскетбол секциялары жұмыс істейді.
Басқосу соңында қала әкімі балалармен естелікке суретке түсті.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




