Бұл іс-шараны ұйымдастыруда Майя Баймұратова, Света Пірімқұлова, Бақыткүл Бижанова, Айтолқын Дәлібаева сынды ұстаздар белсене атсалысты. Әсіресе, Қарлығаш Жұмаділованың еңбегін ерекше атап өту керек. Ол кештің мәнді де мағыналы болып өтуіне, залдың безендірілуіне, ұйымдастырылуына ерекше көңіл бөле білді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ана тіліміздің құндылығын арттыру, қазақ тарихының мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің жалпы адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Сондай-ақ, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге үлес қосу. Жас жеткіншектердің бойына туған халқының қадір-қасиетін сіңіріп,
«Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол адамның білімсіз бейшарасы», – деп Абай атамыз айтқандай, ана тілін шұбарламай жетік меңгеру, ұшқыр да шешен сөйлей білуге баулу, өз ана тілін сүю, қастерлеу, тіл мәртебесін өте жоғары көтеру жолында ұлы Абай шығармаларын оқу арқылы ұлттық сана-сезімді ояту. Хакім Абайдың әрбір философиялық ой-толғамдары күні бүгінге дейін күшін жоймай, болашақ ұрпақ тәрбиесінің символы болып келе жатқандығын оқушы санасына мықтап сіңіру.
Шара соңында зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» орталығында қызмет алушы Орынкүл Алтаева және Ұлбала Оразбаева сынды ақ жаулықты асыл әжелер сөз сөйледі.
Асыл әжелеріміз оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Биыл Абайдың туғанына 180 жыл толғандықтан әрі тақырыптың өзі Абай туралы болғандықтан, сұрақ- жауап та Абай төңірегінде өрбіді. Абайдың балалық шағы мен тұлға болып қалыптасуы туралы айтқан Ұлбала әженің әңгімесін оқушылар бар ынта-ықыласымен тыңдап, ерекше әсер алды. Орынкүл әже ақынның «Күз» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Жиын қатысушылардың орындауымен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен аяқталды.
Баршагүл БАЯЛИЕВА,
зейнеткер ұстаз.
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




