Облыс әкімі Тараз қаласына қосылған елді мекендердің ахуалымен танысты
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 02:55
- 99

Әуелі Сұлутөр тұрғын алқабындағы ұзындығы 1150 шақырымды құрайтын Қарой көшесін аралап көрді. Шағалтас төселген көшеге 2026 жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.
Тараз қаласының әкімі Бақыт жан Орынбековтің сөзінше, биыл көшелерді ағымдағы және орташа жөндеу, қайта жаңғырту бойынша 41 жоба іске асырылады. Байзақ, Жамбыл аудандарынан қосылған елді мекен көшелері қаланың теңгеріміне алынғаннан кейін жол жөндеу жұмыстары қарастырылмақ.
Ербол Қарашөкеев Ә.Әйтиев атындағы орта мектепті аралап шықты. Білім ұясы 1922 жылы бастауыш мектеп болып құрылып, 1983 жылдан бастап 1200 орындық орта мектеп ретінде қайта пайдалануға берілген. Бүгінде 1040 бала білім алуда. Келер жылы мектептің электр және кәріз жүйесін ауыстыру, спорт алаңшасын ағымдағы жөндеу жоспарланып отыр.
Бұдан соң Жібек жолы ауданы әкімдігінің ғимаратына барып, Жалпақтөбе тұрғын алабындағы 180 орындық мәдениет үйі мен 100 келушіге арналған емхананы тексерді.
Сондай-ақ, Әулиеата ауданы Қызыл жұлдыз тұрғын алабына қарасты мәдениет үйінің, Н.Ақшабаев атындағы орта мектептің және өткен жылы пайдалануға берілген дәрігерлік амбулаторияның жағдайымен танысты.
– Тұрғындар әр жерге сабылмай, көрсетілетін қызметтерді бір жерден еш кедергісіз алуы тиіс, – деген Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы әкіміне ұйымдастыру жұмыстарын күшейтуді міндеттеді.
Облыс әкімі аралау қорытындысы бойынша бюджет мүмкіншілігіне қарай, бірінші кезекте халықтың өзекті мәселелерін оңтайлы шешуге басымдық берілуі тиіс екенін атап өтті.
Сонымен бірге көшелерді жарықтандыру, жол салу, қоғамдық көлік қатынасын реттеу, сондай-ақ саябақтарды қалпына келтіру, қала аумағында тазалық сақтау бойынша жұмысты жүйелеуді жүктеді. Жоспарланған жобалардың сапалы әрі мерзімінде іске асырылуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Тұрғындар мәселесі қараусыз қалмайды
- Бүгін, 02:13
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- Бүгін, 00:35
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді