15 наурыз – Қайырымдылық күні. Бұл күні әрбір азамат шама-шарқы жеткенінше айналасына жәрдемдесіп, көмек қолын созады. Ал, жамбылдық ҚАЖ қызметкерлері үшін қайырымдылық жасау – игі дәстүрдің бірі.
Дәл осы ниетте осы күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінің басшы және жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл күні көпбалалы және тұрмысы төмен отбасына арнайы барып, ондағы кішкентай бүлдіршіндерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Осылайша, ҚАЖ қызметкерлері қажетті азық-түліктен бөлек өзге де сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, аталған отбасында мектеп жасындағы бірнеше бала тәрбиеленуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




