Үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру қажет – Тоқаев
- author «Ақ жол»
- 14 наурыз, 2025
- 1.4k
«Құрылтай мүшелері Зүлфия Байсақова мен Бану Нұрғазиева мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың критерийлерін қайта қарау және үкіметтік емес ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігін айтты.
Азаматтық сектор реформаларды жүргізу және қоғамды дамыту ісінде маңызды рөл атқарады. Мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі өзекті мәселелерді шешуге, жасампаз құндылықтарды дәріптеуге және ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Сондықтан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру үшін қазіргі заманның талаптарына сай келетін жеке заң керек. Әрине, заң жобасын әзірлеу барысында құжатқа терең және жан-жақты сараптама жасалуға тиіс. Құзырлы органдар сарапшылар мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, бұл мәселемен айналысуы керек», – деді Президент.
Осыған байланысты, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың тиімділігін арттыру үшін заман талабына сай жеке заң қажет. Құзырлы органдар сарапшылар мен қоғамдық ұйымдарды тарта отырып, заң жобасын жан-жақты талқылауы тиіс.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




