Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының Әулиеата ауданын аралады
- author «Ақ жол»
- 13 наурыз, 2025
- 214

Әуелі облыс әкімі Бектөбе тұрғын алабындағы «Айгөлек» балабақшасына барды. Нысан 2010 жылы пайдалануға берілген, 65 балаға шақталған. Ғимаратқа келер жылы ағымдағы жөндеу жүргізіледі деп жоспарлануда.
Ербол Қарашөкеев Шайқорық ауылындағы 45 келушіге арналған дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысты. 2023 жылы пайдалануға берілген ғимаратта тұрғындарға бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсетіледі. Мекемеде 15 адам еңбек етеді, оның ішінде 1 дәрігер, 7 орта, 7 кіші буын медицина қызметкері бар.
Сонымен бірге, аймақ басшысы 2025-2026 жылдар аралығында ағымдағы жөндеуден өтетін Шайқорықтағы кіші футбол және street workout алаңын, Қоңыртөбе тұрғын алабындағы кітапхананы аралады.
Тозығы жеткен нысандарды жаңғыртудан, жөндеуден өткізу мәселелеріне баса назар аударылды.
Бұдан соң Әулиеата ауданы әкімдігі уақытша орналасатын ғимаратты көрді. Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, аудан әкімдігінің жаңа ғимараты «Ұлы дала» шағынауданынан салынады. Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде.
– Қаланың екі ауданға бөлінуі – маңызды әрі тарихи оқиға. Бұл – 400 мыңнан асқан қала халқына мемлекеттік қызметтерді тиімді көрсету үшін жасалған шешім. Осы орайда, басқарудың тиімділігін тараздықтар сезінуі тиіс! Жаңадан қосылған тұрғын алаптар мен елді мекендердің халқына қызмет көрсетуде ешқандай мәселе болмауы керек. Түйткілдер туындаған жағдайда оны жеделдетіп шешу – қала билігінің негізгі міндеті. Қажетті көмек көрсетіледі, – деді Ербол Қарашөкеев.
Аралау барысында Тараз қаласына қосылған елді мекендердің көше атауларына мән берілді.
– Жедел жәрдем, полиция қызметтеріне ауыртпашылық түсейін деп тұр. Қайталанған көше атауларын өзгерту бойынша нақты шаралар қабылдау керек. Тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау – біздің міндетіміз!, – деген Ербол Қарашөкеев Тараз қаласы әкімдігінің алдында ауқымды міндеттер тұрғанын ескертіп, бірқатар тапсырма берді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді