Әйел – отбасының ұйытқысы, шаңырақтың шамшырағы, мейірімділіктің айнасы, сұлулық пен нәзіктіктің символы.
Мемлекетіміз әйелдердің әлеуетін дамытуға, олардың құқықтарын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді.
Халқымызда «Әйел – бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген ұлағатты сөз бар.
Әйелдер қауымы Тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ер азаматтардың қасынан табылып, елдігімізді сақтауға күш салып, әр салада орасан зор міндеттерді атқарып жүр.
Аймақтың алға жылжуы үшін аянбай тер төгіп, бүгінде еңбек ардагері атанған аналарымыз облыстың қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмай, әлі де жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді.
Әр адам үшін ана ұғымы – ең қасиетті, ең қастерлі сөз. «Ананың басқан жерінде пейіш бар» деген даналық сөздің мағынасы өте тереңде жатыр.
Әйел бақыты – ана, елге тұтқа, ұрпаққа пана болу.
Бүгінде шежіресі мол, жарасымды дәстүрі жалғасқан өңірімізде 47 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 5 768-і «Алтын алқа», 11 683-і «Күміс алқа» иегері.
Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп отырған аналарымызға мемлекет тарапынан қолдау шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.
Батыр аналарымыздың арқасында өткен жылы 23 049 бала дүние есігін ашты.
Қымбатты ханымдар!
Киелі Әулиеата жері қашан да ардақты әжелер мен асыл аналардың, еңбек майталманы атанған әйел азаматтар мен аяулы арулардың мекені болып қала бермек.
Барша жамбылдық нәзікжандыларға ілтипатым мен құрметімді білдіре отырып, зор денсаулық, жанұяларыңыз бен жақындарыңыздың амандығын тілеймін!
Жұмыстарыңыз жемісті, істеріңіз келісті, өмірлеріңіз өрісті болсын!
Әрқашан да көңілдеріңіз көктемдей жайнап, құлпырып жүре беріңіздер!
Әйелмен әлем әдемі!
Облыс әкімі Ербол ҚАРАШӨКЕЕВ
Ұқсас жаңалықтар
«Заң мен тәртіп – біздің ұстаным» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді
- 3 желтоқсан, 2025
Жамбылда 10 мыңға жуық тұрғын құқықтық кеңес алды
- 3 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




