
– Мемлекет басшысының «Еліміз әйелдердің әлеуетін толық танытуына жол ашып, олардың құқығын қорғауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға баса мән береді. Мемлекеттің жүйелі қолдау көрсетуінің арқасында қыз- келіншектердің экономикадағы, саясат пен қоғамдық қызметтегі рөлі жыл өткен сайын арта түсуде», – деп айтуы сіздерге деген сенім мен үміттің қаншалықты маңызды екенінің айқын дәлелі. Аналарымыз бен аруларымыздың алаңсыз өмірі – ұлтымыздың жарқын болашағының кепілі деп білеміз. Бұл күнде отбасымен қатар, еліміздің дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген нәзік жандарымыз қаншама. Аймақтың алға жылжуы үшін аянбай тер төгіп, бүгінде еңбек ардагерлерінің қатарында жүрген аналарымыз облыстың қоғамдық-саяси өмірінен тыс қалмай, әлі де жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып келеді. Облыстың рухани өмірінің дамуына үлес қосып жүрген айтулы ақын, өнерпаз және спортшы қыздарымызды әрқашан мақтан тұтамыз. Шынында да, қоғамдық өмірдің кез келген саласын әйелдерсіз елестету мүмкін емес. Олар қызметпен бірге отбасының ұйытқысы, жанұяның шырағына айналып отыр. Ардақты аналар, аяулы арулар! Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мерекесімен бастау алады. Сіздер әлемге жылулық пен жарасым сыйлап, жақын жандарыңызды махаббатқа бөлейсіздер. Әйел бақыты – ана болу. Сіздерді және барлық аналарымыз бен әжелерімізді, әпке-қарындастарымызды көктемнің шуақты мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер! Баршаңызға мереке құтты болсын!, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Мұнан соң, Жамбыл жерінде отбасы құндылықтарын насихаттап, отбасылық- демографиялық саясатты іске асыруға зор үлес қосқан, шағын және орта бизнесте жемісті еңбек етіп жүрген бірқатар аналар мен аруларға «Парасат» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. Бұдан бөлек, өз саласында жетістікке жеткен асыл жандар облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Алғыс хатымен марапатталды. Солардың қатарында көпбалалы ана Жәмила Әкетаева да бар. Төрт ұл, бес қыз тәрбиелеп отырған қала тұрғыны жамбылдық аналарға ерекше көңіл бөліп отырған жергілікті билік өкілдеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
– Қай заманда да абзал аналарымыз еріне сүйеніш, еліне тірек бола білді. Олар небір қиын- қыстау кезеңдерде де тек отбасының ұйытқысы болып қана қоймай, ауырлықты еңсеруге белсене араласты. Бабаларымыздан қалған «Әке ұлды тәрбиелейді, ана ұлтты тәрбиелейді», – деген асыл сөз бар. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көпбалалы және аз қамтылған аналардың мәселелеріне назар аударылып, оларды шешу жолдары қарастырылуда. Біздің тарапымыздан айтылған ұсыныс, ой-пікірлер де дер кезінде ескерілуде. Тіпті, қажет болған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың өкілдері түрлі мәселе бойынша қабылдаулар мен кездесулер өткізеді. Баршаңызға көпбалалы аналардың атынан алғыс айтқым келеді. Осындай шуақты мерекеде ару-аналарға бақыт пен махаббат, зор денсаулық пен отбасылық бақ- береке тілеймін, – деді Жәмила Тастанбекқызы.
Айта кетейік, дәл қазір облыста 47 мыңнан астам көпбалалы ана бар. Олардың 17 мыңға жуығы – «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегері. Биыл 5 876 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алса, 48 мыңға тарта көпбалалы отбасыға мемлекеттік жәрдемақы берілген. Қуанарлығы, аймақта жыл өткен сайын жарық дүние есігін ашқан сәбилер қатары арта түскен. Мәселен, былтыр облыс аумағында 23 мыңнан астам нәресте өмірге келген.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Қайыр сұрайтындар азаяр емес... неге?
- Бүгін, 02:04
Қалдықтардың 26 пайызы ғана қайта өңделген
- Бүгін, 01:50
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді