
Бұл жолы Тараз қаласы мен Меркі, Шу аудандарынан келген 18 тұрғын түрлі сауалдарымен жүгінді.
Азаматтардың басым бөлігі баспана мәселесін көтерді. Ербол Қарашөкеев қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тұрғын үй тек кезек ретімен берелетінін түсіндірді.
Сонымен бірге қабылдау алаңында білім, спорт, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, табиғи ресурстар, құрылыс, жол, кәсіпкерлік, энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, тілдерді дамыту салаларына қатысты ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер айтылды.
Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма және департамент басшылары келіп түскен өтініштер бойынша түсініктеме берді.
Өз кезегінде Ербол Қарашөкеев халық көтерген түйткілдер қараусыз қалмайтынын айтып, түбегейлі шешімін тапқанша өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы алдын ала жазылу арқылы тұрақты негізде жүргізіледі. Ол үшін тұрғындар «E-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы немесе Тараз қаласы Абай даңғылы, 127 мекенжайында орналасқан «Азаматтарды қабылдау» орталығына келіп жазыла алады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі
Ұқсас жаңалықтар
Жуалыда 100 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
- 21 наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді