
Іс-шара барысында Парламент Мәжілісінің депутаты, ақын, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай мен Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыр, айтыскер ақын Аңсар Жұмабековтер сөз сөйлеп, бұрыштың ашылуымен құттықтады. «Серік Қалиев ағамыз қазақ айтысында өзінің соқпағын салды. Алдыңғы толқын болып айтысып, үлгі болды. Кейіннен бірнеше талантты шәкірт тәрбиелеп үлкен додаға баптап қосты. Серік Мақұлбекұлының жазып кеткен кітаптарының да тәрбиелік мәні зор. Талантты айтыскердің есімін есте қалдыру жұмыстары әлі де жалғаса береді», – деді Аманжол Әлтай. Мұнан соң Серік Қалиевтің інісі, дәстүрлі әнші Берік Қалиев сөз сөйлеп, «Ағалар-ай» әнін орындап берді. Орталықтың үйірме қатысушысы Айша Сұлтанхан ақынның «Ұстаздар», Серік Қалиевтің ұлы Хамза Серік «Оян қазақ!» өлеңін оқып берді.
Кеш барысында Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының куәлігі Жамбыл облысының жыршы-термешілер мен айтыскер ақындарына табысталды. Атап айтсақ, термешілер: Бейбіт Шошабаев, Нұғман Сүлетай, Маралбек Бабақұлов, Нұрлыбек Таласбаев, Мерей Әбуева, Сәрсен Әбілқайыр, айтыскерлер: Дидар Апбасов, Медеу Мырзатай, Мұқағали Балтабаев аталған одақтың мүшесі атанды.
Аманжол Әлтай мен Мәдениет саласының үздігі Айтмұханбет Исақ бұрыштың лентасын қиды. Іс-шараға белгілі айтыскерлер, республикалық «Алтын домбыра» айтысының жеңімпаздары Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай және Нұрмат Мансұров қатысқанын айта кеткен жөн.
Салтанатты рәсімнен кейін аталған мекеменің директоры Ахметжан Өзбеков келген қонақтарды бұрыштың ашылуымен құттықтап, ұстазы Серік Қалиевпен бірге өткен жылдардан сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Хакім мұраларына арналған кабинет ашылды
- 19 сәуір, 2025
Тұңғыш инклюзивті кітаптың тұсауы кесілді
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді