
Менің ұлтым орыс. Бірақ, мемлекеттік тіл – қазақ тілінде еркін сөйлеймін. Қазіргі таңда үш тіл білемін. Мемлекеттік тілге мейлінше мән беремін. Себебі, Отаным – Қазақстан. Осы өңірде өмірге келдім. Білім алдым, қанат жайдым. Қазір міне, облыстық деңгейде ішкі істер саласында еңбек етіп жүрмін.
Менің көп достарым қазақ ұлтынан. Олармен үнемі сөйлесіп, бірге әзілдесіп, сырымызды бірге айтып жүреміз. Олармен бауырдай сыйласып кеткенбіз. Үйлеріне де барып, қазақтың ұлттық тамағынан дәм татып, қазақ әндерін көп тыңдаймын. Жұмыс орнымда да басшыларымның көбісі қазақ ұлтының өкілдері. Олар да мені ортаға тартып, үнемі қолдап отырады. Сондықтан, қазақ халқына алғысым шексіз. Сол ризашылығымды Алғыс күні айтқым келеді.
Иван ПОНОМАРЕВ,
облыстық полиция департаменті екінші арнайы бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді