28 ақпан жыр алыбы атанған Жамбыл Жабаевтың туған күні. 1939 жылы облыс құрылғанда аймаққа ақынның есімі берілген.
Ұлы ақынның 179 жылдығына орай, облыс әкімдігі ғимаратының алдында орналасқан таутұлғаның еңселі ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Оған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, ақындар, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық Одағының Басқарма төрағасы, ақын Жүрсін Ерман, Парламент Мәжілісінің депутаты, айтыскер ақын Аманжол Әлтай, облыстық, қалалық ардагерлер, қоғамдық кеңес төрағалары, мәслихат депутаттары, зиялы қауым және қоғам белсенділері мен тараздықтар қатысты. Жиналған көпшілік ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен соң ақын рухына тағзым етті.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




