«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жамбыл облысында 58 миллиард теңге инвестиция тартылады

Жамбыл облысында 58 миллиард теңге инвестиция тартылады
Ашық дереккөз
Облыста өткен жылы 15 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетілді.

Биыл ауыл шаруашылығы саласына 39 миллиард теңге қаржы бөлінді. Оның 22,7 миллиард теңгесі субсидияға, қалған 16 миллиард теңгесі СҚО тәжірибесі мен «Ауыл аманаты» бағдарламасын несиелендіруге жұмсалады. Ағымдағы жылы 551,6 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріледі. Сондай-ақ, салаға 58 миллиард теңге инвестиция тартылады деп күтілуде.

2024 жылы облыстағы жалпы мал саны 3,6 миллион басты құрады: оның ішінде мүйізді ірі қара саны – 429,4 мың, қой саны – 3 миллион, жылқы саны – 173,9 мың, құс саны – 1,9 миллион. Жыл ішінде 226,2 мың тонна сүт, 129,9 мың тонна ет, 123,5 миллион дана жұмыртқа өндірілді.

Биыл мал шаруашылығында 226,5 миллиард теңгенің өнімін шығару жоспарлануда. Төрт-түлік санын 4,3 миллион басқа дейін ұлғайту, сүт өндірісін 229 мың тоннаға, ет өндірісін 135 мың тоннаға жеткізу міндеті тұр. Сонымен бірге, жұмыртқа көлемін 125 миллион данаға дейін жеткізу үшін жұмыс жүргізіледі.

Өткен жылы 626,7 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары отырғызылды. 3,7 миллион тоннаның өнімі жиналып, бұл соңғы бес жылдағы рекордтық өнімділікті көрсетті. Атап айтқанда, 586,4 мың тонна масақты дәнді дақылдар, 36,2 мың тонна майлы дақылдар, 172 мың тонна картоп, 1 195,4 мың тонна көкөніс, 156,6 мың тонна бақша дақылдары, 84,8 мың тонна дәндік жүгері алынды. 647 мың тонна қант қызылшасы жиналды.

15,4 мың гектарға су үнемдеу технологиялары енгізіліп, облыс аумағындағы жалпы көрсеткіш 55,4 мың гектарға жеткізілді.

Биыл өсімдік шаруашылығында 325,1 миллиард теңгенің өнімін өндіру жоспарланған. Облыс аумағында егістік көлемін 33,6 мың гектарға арттырып, 660,3 мың гектарға дейін жеткізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұдан бөлек, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқапты 55,4 мың гектардан 64,5 мың гектарға ұлғайту, 83,1 мың гектар алқапқа минералды тыңайтқыш енгізу, 401 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, 6,5 пайызға жаңарту көзделуде.

«Ауыл аманаты» бағдарламасының кәсіпкерлік бағыты бойынша 5 миллиард теңгеге 598 жобаны несиелендіру жоспарлануда. Аталған жобаның шеңберінде азаматтарға 4 мың бас қой, 150 бас ірі қара тауарлық несие ретінде берілмек.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар