Осы орайда Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназиясында «Ақын – елдің ардағы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Аталған кештің қонағы ретінде ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұржан Әліш арнайы шақырылды.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығына орай өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін нығайту, мәдениетті адам болуы үшін келешек ұрпақты рухани байлық – кітапты дәстүрлі оқи алатындай тәрбиелеуге бағытталған кездесу кешінің мәні өте жоғары болды.
Ақын іс-шара барысында өзінің шығармашылығы жайлы әңгімеге тоқталып, әдебиет әлеміндегі жетістіктерін және шығармашылық өміріндегі қиын да, қызықты сәттерін сөз етті. Сонымен қатар, бұл кездесуде ұстаздар мен оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ақын тұшымды жауаптарын жолдады.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары Нұржан Әліштің жырларын мәнерлеп оқып, іс-шара әсем ән мен күмбірлеген күйге ұласты.
Кеш соңында ақын мектеп кітапханасына өз кітаптарын сыйға тартып, көпшілікпен естелік суретке түсті.
Айгүл ИСАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы № 49 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




