
Өткен жылы Қордай ауданында көлік инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша үш негізгі жолды жөндеу жобасы іске асырылған.
– Ауданның транспорттық қолайлығын арттырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба нәтижесінде Қаракемер-Қарасай-Еңбекші және Ноғайбай ауылдарына кіреберіс жолдар толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұдан бөлек ауданда былтыр басталған Отар-Үлкен Сұлутөр-Көктөбе жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Осылайша, стратегиялық маңызға ие жол торабы көптеген елді мекендерге тікелей қатынасты қамтамасыз етпек. Сонымен қатар өткен жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 9 жоба жоспарланып, оның ішінде Бетқайнар, Сұлутөр, Ноғайбай, Беріктас, Сарыбұлақ ауылдарында жол жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, көлік қатынасын жақсарта түсті. Қазіргі таңда Степное және Қарасу елді мекендерінде жол жөндеу жұмыстары жалғасуда, – дейді аудан әкімі Бегзат Болатбеков.
Бұдан бөлек аудан орталығында көше жарықтандыру жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жыл басталғалы ауылдық округ аумағындағы істен шыққан жарық шамдары ауыстырылып, ауылішілік жарықтандыру мәселесі біртіндеп шешімін табуда. Бүгінде Самал ықшам ауданы мен Көктөбе көшелеріндегі ескі жарық шамдары толығымен жаңартылып, заманауи қуатты шамдармен алмастырылған. Сонымен қатар Цемзавод ықшамауданында көше жарығының 80 пайызы жаңартылып, тұрғындардың кешкі уақыттағы қауіпсіздігі мен жайлылығы арта түскен. Жаңадан орнатылған LED-шамдардың қуаттылығы – 150 вольтқа тең. Бұл шамдар бұрынғы жарық көздеріне қарағанда анағұрлым тиімді, электр қуатын үнемдейді және жарықтандыру ауқымы кеңірек. Аудан әкімінің сөзінше, көше жарығын жақсарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
Нұрболат АМАНБЕК
Қордай ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Электр энергиясын ысырап етпеудің жолы қайсы?
- 26 сәуір, 2025
Жел стансаларының болашағы жарқын
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді