«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мәдениет пен қоғамдық сана: проблемалары мен келешегі

Мәдениет пен қоғамдық сана: проблемалары мен келешегі
Ашық дереккөз
Бүгінгі қоғамда болып жатқан үдерістер, қазіргі мәдени және рухани құндылықтардың өлшемі қандай? Қоғамдық сана ұғымын дұрыс түсініп жүрміз бе? Осы тақырыптарды жан-жақты талқылау мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Amanat партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Мәдениет пен қоғамдық сана: проблемалары мен келешегі» атты «AMANAT PIKIR» диалог алаңы өтті.

Іс-шараны Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов жүргізіп отырды. Кең көлемді отырысқа облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, жазушы-драматург Елен Әлімжан, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының оқытушысы Тәттігүл Орынтай және облысымыздың зиялы қауым және аға буын өкілдері, той саласында қызмет жасап жүрген ас аба лар мен әншілер, жаст ар қатысты. Диалог алаңының алғашқы жиынында «Ұрпақтар сабақтастығы», «Той мәдениеті», «Руханият және мәдениет», «Еңбек адамы» деп аталатын панельдік секциялар арқылы аталған мәселелер тереңінен қозғалып, ұтымды ой пікірлер айтылды.

– Мәдениет – бұл тек өнер, әдебиет пен дәстүр ғана емес, сонымен қатар ойлау жүйесі, айналамызға, бір-бірімізге деген қарым-қатынас. Ал қоғамдық сана – бізді қоршаған шындықты қабылдау, талдау және өзгерту қабілетіміздің көрінісі. Дәл осы екі ұғымның өзара әрекеттесуі біздің қоғамымыздың болашағын анықтайды. Қоғамда орын алатын көптеген әділетсіздікті, жағымсыз әрекеттерді қоғамдық сана, қоғамдық пікір ғана тоқтата алады. Оны Президентіміз де қадап айтып, Ұлттық Құрылтайға жалпыұлттық құндылықтар, руханият, жаңа әлеуметтік этика, жаңарған менталитет бастамаларын жүзеге асыруды жүктелді. Сіз бен бізден тұратын қоғам неғұрлым рухани жағынан түлеп, мазмұны жаңғыртылып отырса, жаңғырту үдерісінен де соғұрлым жеңіл өтуге болады. Осы ретте облыста бірқат ар жұмыст ар атқарылып жатқанын айта кеткім келеді. Мәселен, облыста «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы бастау алды. Облыс жұртшылығы қолдап түрлі іс-шаралар өтуде. Сондай-ақ, «Тектұрмас» атты тарихи-мәдени әрі әдеби журнал жарық көрмек. «Әжемнің ертегісі» жобасы барлық балабақшада жүргізілуде. Сонымен қатар, тойдың ішкі мәдениеті жұмыстары қолға алынды. Алдағы күндері Бауыржан Момышұлы музейін ашуды жоспарлап отырмыз. Жастар театрын, тіпті қаламызда музыкалық мектеп ашу жоспарымызда бар. Осындай тамаша жобалар алдағы күндері іске асатын болады, – деді Серік Жақсылықұлы.

Мұнан соң, жазушы-драматург Елен Әлімжан сөз алып, бүгінгі таңда әлем бір орнында тұрмағандығын, қозғалыс үстінде екендігін, жаңа заман сұраныстарына сай сананың түрлерін айтып өтті. Ол өз сөзінде Мәдениет – адамдарды біріктіретін, құндылықтарды қалыптастыратын және қоғамның даму бағытын айқындайтын негізгі фундамент екендігін баса айтты.

Пікірталас барысында мәдениеттің адам өміріндегі қызметі, орны мен рөлі негізге алынып, жастарды рухани тәрбиелеу жолдары қарастырылды. Дарақылық пен даңғазалық еніп кеткен бүгінгі той мәдениетін, оның ішінде асабалардың той жүргізу тәртібіндегі дәстүрге жат әдепсіз қылықтары талқыға түсті. Сонымен қатар, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру туралы ойлар айтылды. Бұдан бөлек тұщымды күнделікті жұмысы арқылы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан еңбек адамдарының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды. Диалог алаңы пленарлық отырыспен қорытындыланып, панельдік секцияларда айтылған пікірлер мен ұсыныстар жинақталды.

 

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

 

 

Ұқсас жаңалықтар