
Мәселен, 2023 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Алматыдағы «Абай» баспасынан өңірдегі 24 қаламгердің кітабы жарық көрсе, өткен жылы облыстың 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Жуалы ауданында жас қаламгерлермен «Түсіме ылғи Мыңбұлақ кіреді» әдеби кеші, «Асқақ рухты Әулиеата» республикалық байқауы өткен болатын. Биыл да сол «Абай» баспасынан қарымды қаламгер, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Пернебай Дүйсенбиннің «Елгезек ертегілер елінде» кітабы жарық көріп отыр.
Шығармашылықтың биік белесіне көтерілген Пернебай Дүйсенбин әр тақырыпта қалам тербеп, балалар әдебиетінде де тыңнан түрен салып келеді. Жерлесіміз жақында ғана «Ақбоз, көкжал, Жансая апа және төрт ноян» атты мифофантастикалық хикаяты үшін «Құлагер» республикалық байқауының фант астика жанры бойынша жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, өткен жылы аталған баспадан қаламгердің «Өмір иірім» атты роман-мозайкасы жарық көрді. Сол жылы баспа директоры, белгілі ақын Ақберен Елгезектің балаларға арна лған шығарма жазуға қолқа салуымен аталған кітапты шығару ісі қолға алынған. Кітапта жазушының қиял-ғажайып жанрындағы хикаяттары мен балаларға арналған ертегілері топтастырылған. Өскелең ұрпақты ізгілік пен адамгершілікке, мейірімділік пен жақсылыққа үндейтін шығармалар жинағы республикадағы мектептер мен кітапханаларға жол тартпақ.
Бүгінде белгілі қаламгер шығармашылық жетістіктерінен бөлек, туған топырағына да төл перзенті ретінде мол еңбек сіңірді. Ол 1999-2007 жылдары Сарысу аудандық мәслихатының депутаты бола жүріп, әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелерді шешуге атсалысты. Ауданның тарихын зерттеуде де Пернебай Дүйсенбиннің келелі еңбегін айтпай кетпеске болмайды. Тағылымға толы ғұмырын шығармашылықпен ұштастырған қаламгердің кезекті кітабы жергілікті әдеби орта мен ұлт әдебиеті үшін толайым табыс екені сөзсіз.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Елім деп туған ер Баукең
- 26 сәуір, 2025
Жұртымыз үшін ең үлкен марапат – елдің тыныштығы
- 26 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді