Қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс
- author «Ақ жол»
- 23 ақпан, 2025
- 343

«Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені, қызметтік дәрежеме сәйкес, менің әрбір сөзім, пікірім қатаң тапсырма сияқты қабылданады.
Соған қарамаст ан бұл мәселе бойынша ойымды жеткізгім келеді. Қалай десек те, қосымша құн салығының мөлшерлеме сі сараланып белгіленуге тиіс. Үкімет түпкілікті шешімді білікті сарапшылардың, қайталап айтамын, білікті сарапшылар мен кәсіпкерлердің, әлбетте депутаттардың пікіріне құлақ аса отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдағаны дұрыс», – деді Президент.
Ашығын айту керек, бұл күнде көпшілік арасында қосылған құн салығы мөлшерлемесінің көтерілуі – тұрғын үй саласына, соның ішінде тұрғын үй бағасына қалай әсер етер екен деген алаңдаушылық бар екені анық сезіледі. Үкімет мүшелерінің мәліметінше, мәселе салықтың сараланған жүйесі арқылы шешілмек. Премьер- Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, азық-түлік және дәрі-дәрмек өндірісіндегі қосылған құн салығы мөлшерлемесі 5 пайызға дейін төмендеуі мүмкін. Ал құрылыс секторында бұл салықтың орнына инфрақұрылымдық алым енгізу жоспарланып отыр. «Ең ықтимал нұсқа ретінде құрылыс компанияларынан алынатын инфрақұрылымдық алымды енгізуді қарастырып отырмыз. Оның мөлшері – әзірге шаршы метріне 40-60 доллар көлемінде. Инфрақұрылымдық жүктемеге байланысты өзгереді. Жаңа салық ойлап таппаймыз. Қазір бұл мәселелер талқыланып жатыр. Олар тұрғын үйдің санатына қарай реттеледі, – деді Серік Жұманғарин.
Қазіргі қолданыстағы Салық Кодексіне сәйке с, тұрғын үйлерді сату мен жалға беру қосылған құн салығынан босатылған. Десе де, жаңа кодекс жобасында бұл жеңілдік 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ғана сақталмақ. Осыдан кейін, сатылатын және жалға берілетін барлық тұрғын үйлер қосылған құн салығына бағынуы мүмкін. Демек, құрылыс компаниялары жаңа салықты пәтер бағасына енгізетін болса, баспана құны күрт өсуі ғажап емес. Салық мамандары бұл өзгерістің халыққа ауыр соққы болатынын алға тартады. Себебі, құрылысшылар өздерінің қаржылық жүктемесін тұтынушыға жүктейтіні анық. Осылайша, үй алуға ниетті азаматтар қосылған құн салығы қосымша шығын ретінде көтеруі кәдік. Бұл – әсіресе, ипотекалық қарыз алушылар үшін қиындық тудырады. Өйткені, салықтың сомасы не сие мөлшеріне тікелей әсер ететіні белгілі. Сол себепті, тұрғын үй бағасы өсіп, баспанаға мұқтаж жандардың жағдайы қиындай түсуі мүмкін.
Сонымен, бұл күнде дәл осы өзгеріске қатысты пікір екіге жарылуда. Кейбір сарапшылар қосылған құн салығының жаңа жүйесі нарықты реттеп, «көлеңкелі» экономиканы қысқартады деп үміттенеді. Мемлекет бюджетінің тапшылығын өтеуге арналған бұл реформа жылына 4-5 триллион теңге көлемінде с а лық түсімін арттыруы мүмкін. Сонымен қатар, қосылған құн салығының сараланған мөлшерлемесін енгізу туралы ұсыныстар талқыланып жатыр. Яғни, эконом-класс санатындағы тұрғын үйлерге төменгі мөлшерлеме қолданылып, бизнес және элиталық санаттағы баспаналарға салықтың жоғары мөлшерлемесі белгіленуі ықтимал. Бұл өз кезегінде әлеуметтік теңдікті сақтауға бағытталған оң қадам болмақ.
Тұрғын үйден бөлек, қосылған құн салығы салынатын барлық т ауар бағасының қымбаттайтыны өз а лдына бөлек әңгіме. Әйткенмен, Үкімет инфляция басында біраз өскенімен, 3,5 пайыз деңгейінен әрі аспайды деп болжайды. Есесіне, бюджет тапшылығы жойылады екен. Ұлттық экономика министрлігі салықтан түсетін қаржы жылына 4-5 триллион теңгеге артады деп есептейді. Қорыта айтқанда, дәл қазір реформаға қатысты көзқарас әртүрлі. Үкімет жоғарыдағы айтылған ұсыныстарын алға тартса, сарапшылар тұрғын үй бағасы өсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бастысы, қандай шешім қабылданса да, кез келген экономикалық реформа тек мемлекеттік бюджеттің ғана емес, қарапайым азаматтардың да мүддесін ескергені дұрыс.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жуалыда 100 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
- 21 наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді