
Сондай-ақ Еup.kz. сайты арқылы онлайн режимінде заң қызметтерін ұсынуға және алуға арналған «E-ZanKomegi» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды. Азаматтар өздерін қызықтыратын құқықтық сұрақтарға бейне қоңырау арқылы жауап алуға болатын «Zan Komegi» мобильді қосымшасы да қолжетімді. Жүйеге жүгінген 2 мыңнан астам адвокат пен заң кеңесшілері арқылы 500 мыңға жуық азамат білікті заң көмегін алды. Бұдан басқа, бейнеқоңырау арқылы онлайн режимде мүлікті басқаруға қатысты сенімхаттарды қоспағанда, сенімхаттар мен ерлі-зайыптылардың келісімдерінің барлық түрлерін беруге мүмкіндік беретін «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Есепті кезеңде бұл қызметті 176 мың азамат пайдаланған.
Бастысы, заңсыз әрекеттердің алдын алу мақс атында клиенттерді биомет риялық сәйкестендіру қолданылады. Өтініштерге қол қою кезінде QR-қол қою сервисі қолданылып, қызмет нәтижелері 24/7 режимінде EgovMobile «Цифрлық құжаттар» сервисінде қолжетімді. Осылайша, осы қызмет арқылы Қазақстан азаматтары нотариусқа бармай-ақ 168 мыңға жуық сенімхат пен ерлі-зайыптылардың 67,5 мың келісімін заңды түрде ресімдей алды. Тағы бір маңызды жетістік – «Сот орындаушысы роботын» енгізу. Мәселен, 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі әкімшілік айыппұлдар уақтылы төленбеген жағдайда, уәкілетті орган мәліметтерді жеке сот орындаушының қатысуынсыз іс жүргізуді қозғайтын Робот сот орындаушысына береді. Іс қозғалғаннан кейін азаматтар іс туралы егжей- тегжейлі ақпараты бар EGov Mobile-да 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады. Сол арқылы азаматтар айыппұл сомасының 25 пайызын қосымша төлеуден және сот орындаушысына барудан босатылады. Өйткені, барлық әрекеттер онлайн режимде жүргізіледі. Цифрлық сот орындаушысы іске қосылған сәттен бастап 2,2 миллиард теңгені құрайтын 109 мыңнан астам атқарушылық іс қозғалды. Ал азаматтардың пайдасына үнемделген қаражат көлемі 550 миллион теңге.
2025 жылы адамдардың өмірін цифрлық дәуірде жеңілдету және ыңғайлы ету, сондай- ақ уақыт пен ақшаны үнемдеу үшін әділет органдарының жұмысын жақсарту жоспарланды. Негізгі өзгерістер:
• 2025 жылы 300 мыңнан астам азаматты құқықтық сауаттылығын арттыруға оқыту жоспарланды;
• Жасанды интеллект – «Әйтеке» көмекшісі – қарапайым заңгерлік кеңестер беруге және құжаттарды жинауға көмектесуге арналған чат- бот.
• Робот-сот орындаушысының құзыреті кеңейіп, ол айналысатын берешек мөлшерінің шегі 20-дан 40 айлық есептік көрсеткішке дейін артады, бұл азаматтардың пайдасына жылына 12,2 миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді. Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді. Аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады. Бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді