
Атап өту керек, былтыр республика көлемінде қылмыс деңгейі 5,3 пайызға төмендеген. Аса қауіпті қылмыстардың, оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, мал ұрлығы, алаяқтық, қарақшылық және тонау қылмыстары азайғаны байқалады. Бұл жөнінде Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті өткен жылдың қорытынды есебінде белгілі болды.
– Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаев «Ana tili» газетіне берген сұхбатында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру қажеттігін тағы да атап өтті. Бұл – Әділетті Қазақстанның негізі. Сонымен қатар маңызды және нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, қылмыспен күрес, бандитизмнің а лдын алу, қабылданған заңдардың орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Бұл бағыттарды жүзеге асыру – біздің негізгі міндетіміз. Былтыр қабылданған кешенді шаралардың көмегімен елімізде қылмыс с аны 12,5 мыңға, ал жалпы қылмыстық құқықбұзушылық саны 8 мыңға төмендеді, – деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Жалпы, елде жасөспірімдермен, қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыс саны азайған. Заманауи тергеу әдістерін енгізудің нәтижесінде барлық қылмыс санаттары бойынша ашылу көрс еткіші жақсарған. Министрлікте есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылып, өткен жылы 12 ай ішінде 7 920 есірткі құқық бұзушылығы анықт алды. Нәтиже сінде 22 тонна е сірткі тәркіленіп, 63 зертхана жойылған. Мамандар жол қауіпсіздігі мәселесін де назардан тыс қалдырмайды. Былтыр елімізде 30 мыңнан аса жол апаты тіркелген. Мұндағы олқылықтарды ескере отырып, тәртіп сақшыларына жергілікті атқарушы органдармен бірге жол инфрақұрылымын жақсартып, қауіпсіздік деңгейін арттырып, өрескел құқық бұзушылармен кешенді жұмыс жүргізу міндеті жүктелген.
– Бұл нәтижеге профилактикалық жұмыс есебінен жеттік. Биыл осы істі белсенді түрде жалғастырамыз. Ең бастысы – қылмыстардың алдын алу және олардың жасалуына ықпал ететін себептерді жою. 2025 жылды «Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде» деп жариялаймын. Ішкі істер органдарының аумақтық бөліністерінің басшыларына профилактикалық шараларды күшейту және азаматтардың құқықтық санасын арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді, – деді Ішкі істер министрі.
Айта кетейік, елдің 20 өңірінің жетеуінде қылмыс саны өсіп отыр. Көрсеткіш көбейгендер қатарында Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қызылорда, Ұлытау, Алматы, Ақмола облысы бар. Алайда, барлық қылмыстың 40 пайызын құрап, антирейтингте Астана мен Алматы қаласы және Алматы облысы көш бастап тұр.
«Есепті кезеңде отбасылық- тұрмыстық қатынас саласында Әкімшілік құқықбұзушылық турал Кодекстің 73-бабы бойынша 7 241 құқық бұзушы тартылды. 9 247 тұлғаға қатысты қорғаныс нұсқамасы шығарылды», – деді отбасы-тұрмыстық зорлық- зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Гүлмира Шырахметова.
Жасыратыны жоқ, кейінгі жылдары өңір-өңірлерде киберқылмыс күшейіп келеді. Бұл мәселеде Ішкі істер министрлігінде бейінді департамент ашылды. Сондай-ақ елде жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыс үшін іздестіріліп жүрген 1 949 қылмыскер ұсталып, 1 361 жоғалған адамның дерегі анықталған. Ал ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес – полиция жұмысындағы басым бағыттың бірі. Қылмыстық топқа басшылық етіп, оған қатысудың 45 фактісі анықталып, жолы кесілді. Оның ішінде үшеуі – трансұлттық сипатта. Иә, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық бастамалар, заманауи цифрлық шешімдер, жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру – қылмыстардың алдын алуда маңызды рөлге ие. Былтыр «Кадрлық әлеуетті арттыру жылы» деп жарияланған. Бұл маңызды қадам полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеруге және олардың жұмыс тиімділігін жақсартуға бағытталды.
– Қоғамда құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидасы мен құқықтық сауат артып келеді. Ішкі істер министрлігінің құрылымдары заманауи тенденциялардан қалыспайды. Мәселен, «102» мобильдік қосымшасы – қандай да бір қауіп төнсе, не көмек қажет болса таптырмас құрал. Ерекшелігі сол – анкеталық деректерді айтып жатпайсыз, тіпті мекенжайды да жедел басқару орталығындағы оператор автоматты түрде анықтайды. Ізінше сол маңдағы патрульдік полиция санаулы уақыт ішінде көмекке келеді. Бұл жерде фото, бейне немесе аудио, мәтін түрінде де хабарлама жасай аласыз. Сонымен қатар қала көшелерінде «SOS» батырмалары орнатылды. Бұл адасып, телефонын жоғалтқан, құқықбұзушылыққа тап болған азаматтарға арналған. Былтыр 288 профилактикалық іс-шара өткізілді. Биыл да осы жұмыстар жалғасады, – деді Г.Шырахметова.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді