
Жиында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келе сов баяндама жасады. Ол басқарманың 2024 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысымен таныстырып, 2025 жылға қойылған міндеттері туралы баяндады. Оның айтуынша, басқарманың жұмысы негізгі төрт бағытта жүзеге асырылуда. Олар, халықты жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасыларына жәрдемақылар төлеу, мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдау және арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету. Бірінші бағыт бойынша, өткен жылы Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында құрылатын жұмыс орындарының жоспары 67 308 болып бекітілген. Жылдың қорытындысымен 70 056 жұмыс орны құрылып, жоспар 104, 1 пайызға орындалған. Ал, биыл 66 862 жұмыс орны ашылады деп жоспарланып отыр.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» көрсеткіші бойынша есепті кезеңге 13 111 жұмыс орны құрылып, жоспар 2111 адамға асыра орындалды. 2025 жылғы жоспар министрлікпен келісіліп, 12 572 жұмыс орны болып бекітілді. Ал, өткен жылы 55 586 адамды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту жоспарланса, 62 651 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, 112,7 пайызға орындалды. 2025 жылы 54 988 адамды белсенді шараларға тарту жоспарлануда. Одан бөлек, еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында 2024 жылы жұмысқа орналастырудың жоспары 46 943 орын болып белгіленіп (жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру), өткен жылдың қорытындысымен 52 776 адам жұмысқа орналасты немесе орындалуы 112,4 пайызды құрады. Оның ішінде, тұрақты жұмыс орындарына (жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарына орналастыру) жоспар 31 746 адамды құрап, нақты орналасқаны 35 861 адам болып, жоспардың орындалуы 113 пайызды құраған болатын, – дейді басқарма басшысы.
Одан бөлек, басқа бағытт ар бойынша да көп жұмыстар бағдарлама аясында жүзеге асырылғаны айтылды. Ал бағдарламаның екінші бағыты бойынша, өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 5 876 отбасындағы 31 497 адамға 2,9 миллиард теңге төленген. 2023 жылдың сәйке с кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 10 800 адамға азайған. 2025 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 52 652 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 7,1 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Үшінші бағыт бойынша, облыс көлемінде 45 571 мүгедектігі бар адам тіркелген. 2024 жылы мүгедектігі бар адамдардың жеке абилитациялау және оңалту бағдарламаларына (сурдо-тифло құралдар, санаторлық-курорттық және протез-ортопедиялық бұйымдар, кре сло-арбалар) бюджеттен 6,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Өткен жылға әлеуметтік қызметтер ұсыну порталында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жеке оңалту бағдарламаларының орындалуы 98,5 пайызды құрап отыр. Яғни, порталға тіркелген 28 513 өтініштің 28 041-і қанағаттандырылған. Қалғаны қаралу үстінде. Төртінші бағыт бойынша, басқармаға қарасты 21 медициналық- әлеуметтік мекемелерде (оның ішінде: стационар жағдайында 7 мекеме, жартылай стационар жағдайында 10 мекеме, күндіз болу жағдайында 2 мекеме және уақытша болу жағдайында 2 мекеме) 2024 жылы 4 574 азамат арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрімен қамтылған.
Жалпы 2025 жылы жоспарланған межелерді басқарма тарапынан толық орындау көзделген.
Бұдан кейін Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова мен Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айгерім Шынтасованың баяндамалары тыңдалдып, талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов жиын барысында кейбір тапсырмалардың орындалмау себебін сұрап, жауапты мамандардан жауап алды. Сондай-ақ, аудандармен бейнебайланыс арқылы байланыса отырып, олардың жұмыста жіберген кемшіліктерін сын тезіне алды. Президент тапсырған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жұмысты жандандырып, тиісті басқарма мен қала және аудан әкімдері мен жауапты басқармаға қарасты бөлімдерге тапсырмалар беріп, жиынды қорытындылады.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жуалыда 100 бүлдіршіннің тұсауы кесілді
- 21 наурыз, 2025
Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады
- 21 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді