
Ербол Аққайұлы 2008 жылдан бері облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында жұмыс істеуде. Қазіргі таңда ол жергілікті ақын, жазушылар мен мерейтой иелерінің кітаптарын Брайль қарпінде шығаруда. Ербол Бегимов кітап шығарумен қатар «Брайлист» және «Зағип және компьютер» үйірмелерін жүргізеді екен. Біз барғанда кітапханашыға арнайы Брайль қарпіндегі кітап шығаруды үйренуге Шымкент қаласынан Мария есімді кітапханашы келіп отыр екен.
– Ойда жоқта көз жанарымнан айырылған соң қайда барарымды, не істерімді білмедім. Бір күні қалбалақтап жүріп осы облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасына келдім. Басшысы маған «Брайль қарпінде жазуды үйренесіз бе?» деді. Содан мен үйірмеге қатысып, ілезде үйреніп алдым. Бүгінде көз көру қабілеті бұзылған оқырмандарға, көру мүмкіндігі шектелген жандарға Брайль жүйесі бойынша оқу және жазуға компьютерлік сабақтар жүргіземін, – деді ол.
«Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 1969 жылы қараша айында Шу қаласы орталығындағы арнайы кітапханасын оңтайландыра отырып, Тараз қаласында ашылғанына биыл 55 жыл толыпты. Басқа кітапханалардан ерекшелігі, кітапхана қорында 4 форматтағы кітаптар сақталады. Олар бедерлі-нүктелі шрифттағы әдебиеттер, жайпақ баспалы шрифтағы әдебиеттер, дыбыстандырылған әдебиеттер және бедерлі графикалық құралдар. Зағиптарға, басқа да топ мүгедектері мен қосымша қала тұрғындарына қызмет көрсетіледі», – дейді Ербол Бегимов.
Брайлист үйірмесінде 2024 жылы 12 адам білім алыпты.
Ал, «Зағип және компьютер» үйірмесі бойынша 2024 жылы қаңтар айында zoom платформасымен жұмыс істеу әдістері және зағип тұтынушыларға арналған компьютерлік ойындар, сонымен қатар зағиптарға арналған новигациялық бағдарламалар туралы сабақтар өтіледі екен. Ербол Бегимовтың кітапхана саласында жұмыс істегеніне 16 жыл болыпты. Осы жылдар аралығында ол үздіксіз Брайль қарпіндегі кітаптарды балаларға да, ересектерге де арнап басып шығаруда.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Жалған ақпарат тарату жарға жығады
- Бүгін, 03:27
Мас күйде көлік жүргізетіндердің саны азаяр емес
- 6 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді