«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Биыл медиандық кіріспен есептеледі

Биыл медиандық кіріспен есептеледі
Ашық дереккөз
Өткен жылы атаулы әлеуметтік көмек 5876 отбасындағы 31497 адамға төленген. Оған 2,9 миллиард теңге жұмсалған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 10 800 адамға азайғанын көрсетеді.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы қосымша төлем 10026 балаға барлығы 419,4 миллион теңге тағайындалып, толық төленген. Биыл бұндай көмек алушы отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі әрбір балаға қоса алғанда ай сайынғы 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 5898 теңге, қосымша төлемге 758 миллион теңге қаржы қарастырылып, 15549 баланы қамту жоспарланған.

Ал, атаулы әлеуметтік көмекпен биыл 52652 адамды қамту жоспарланып, оларға барлығы 4,2 миллиард теңге қаржы қарастырылыпты. 2025 жылдан баст ап еңбек және ха лықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан атаулы әлеуметтік көмек тағайындау есебі медиандық кіріспен есептелетіндігіне байланысты жоспар асыра қалыптасқан.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінен жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағының жылдық жоспары 83 пайыз болған. Еңбекке қабілетті 7321 адам болса, оның ішінде 6243-і жұмыспен қамтылып, орындалуы 85,3 пайызды құраған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Ұқсас жаңалықтар