Сонымен қатар, 3709 пәтерлі 78 үйдің құрылысы басталып, оның ішінде 1159 пәтерлі 26 үй пайдалануға берілді.
Облыста көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 23,2 миллиард теңгеге 1 671 пәтер сатып алынды. Нәтижесінде 1038 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның 926-сы әлеуметтік жағынан осал топтары санатындағы отбасылар.
2024 жылы тұрғын үй құрылысы мен пәтер сатып алуға бюджеттен 2 есе көп қаражат бөлінді. (2023 жылы – 23,2 миллиард теңге, 2024 жылы – 40,8 миллиард теңге).
Биыл 770 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру және халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасыларға 361 пәтер сатып алу жоспарлануда.
Былтыр «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасын баспанамен қамтуға 1 миллиард теңге бөлінді. Биыл аталған жоба жалғасын тауып, 150-ге жуық жасты баспанамен қамту жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




