«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді

Жаңа қоғамдық көліктер пайдалануға берілді
Ашық дереккөз
Тараз қаласында жыл санап қоғамдық көлік парктері жаңарып келеді. Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің айтуынша, шаһарда 2023-2025 жылдар аралығында жоспарланған үш жылдық жоспарға сәйкес 200 жаңа автобус алу, қосымша 15 бағыт ашу көзделген. 2023 жылы 73, өткен жылы 155 жаңа автобус алынып, жалпы автобус саны 228-ге жеткен. Осылайша, үш жылдық меже артығымен екі жылда орындалып отыр.

– Биыл қала аумағына 14 елді мекен енгізілді. Ол елді мекендерді қоғамдық көлікпен қамту үшін кейбір бағыттардың жүктемесі арттырылса, енді бірін жаңадан ашып отырмыз. Пандемия кезінде жабылып қа лған бағытт ар да қайт а ашылып, қоғамдық тасымал артуда. Жалпы, өткен жылы жеткізілген 155 автобус қаладағы №13, №18, №41 бағыттарды қайта ашуға мүмкіндік берсе, №28, №34, №46, №54, №55, №61, №33, №40, №16, №44 бағытта қызмет көрсететін автобустар толықтай жаңа автобустарға ауыстырылды. Ал №12, №23, №29, №27 бағыттар ішінара ауыстырылып отыр. Алдағы уақытта жаңартуды қажет ететін бағытт ардың ішінде №7, 14, 15, 4, 1, 32, 20, 57 бағыттар толықтай, №12, 29, 27 бағыттар ішінара жаңарту жоспарлануда. Қазіргі таңда қала аумағында тасымалмен айналысып жүрген 275 автобус үлкен сыйымдылықтағы жаңа автобустар болып саналады. Бұл қазіргі бағыттарда күнделікті қызмет көрсетіп жүрген автобустардың 73 пайызын құрайды. Жалпы, 2023 жылы 4 бағыт, 2024 жылы 5 бағыт ашылды, – дейді қала әкімі.

Сонымен, биыл өткен айда қала аумағына екі ауданнан қосылған елді мекендерді ескере отыра №42 және №6 бағыттарға екі-екіден автобус қосылып отыр. 15 қаңтардан бастап тұрғындар сұранысын ескере отырып «Станция Талас», «Талас» елді мекендерін «Ауыл-Береке» базарымен байланыстыратын №62 бағыт қызмет көрсетуде. Жалпы, биыл тасымалдаушылар есебінен кемі 60 автобус сатып алу және қосымша 5 бағыт ашу көзделген. Бүгін сол автобустардың 13-і жеткізіліп, орталық алаңда «Smart City Service» ЖШС- не тапсырылды. Автобустар төмен еденді, пандустармен, 360 градустағы бейнебақылау камера ларымен, жолаушылар ағымын есепке алуға арналған есептеу құрылғыларымен қамтамасыз етілген.

Жаңа жеткізілген автобустар «Smart City Service» ЖШС қызмет көрсететін №8 және №56 бағыттарға қойылып, аталған бағыттағы 2022 жылғы «Golden Dragon» маркалы автобустар тұрғындар сұранысына байланысты №41 бағытқа берілмек. Ал, №41 бағыттағы Isuzu SAZ LE60 маркалы автобустар енді (2023 жылы шығарылған) №37 бағытта қызметін жалғастыратын болды.

«Smart City Service» ЖШС директоры Еркебұлан Сметовтің айтуынша, бүгінгі күні қала аумағында 5 бағыт (№8, 9, 41, 56, 62 маршруттар) бойынша қызмет көрсетуде. Оның ішінде №62 бағыт осы жылдың 15 қаңтарынан бастап іске қосылса, №37 бағыт сызбасы екі ауданнан қосылған елді мекендерге байланысты «Түрксіб» алабынан бастап, Абай, Байтұрсынов, Лукманов, Арыстан баб, Сыздықов, Д.Бедный, Самарканд, Балуан Шолақ, Абай даңғылы, Қонаев, Сейфуллин, Б.Момышұлы, Тәуке хан көшелері арқылы «Дорожник» және «Бектөбе» алаптарына қатынайтын болады.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Тараз қаласы

 

Ұқсас жаңалықтар