
Арада бір ай уақыт өткенде тракторды ақырындап орнынан қозғалтып, жүргізетін болды. Әрине, Таңсықбай ағасына көрсетпей. Талғаттың тракторға ерекше қызығушылығын байқаған Таңсықбай ағасы да техниканы жүргізу жағдайын үйретуге кірісті. 8-сыныптан бастап тракторды емін-еркін жүргізе беретін болды. Есесіне Таңсықбай ағасының жұмысы жеңілдейді. Арада екі жыл әскери борышын өтеп келген уақытын қоспағанда, содан бері трактор тізгінінде. Шамамен 40 жыл уақыты осы темір тұлпарды тізгіндеумен өтіп жатыр. Қазіргі таңда Шу ауданындағы «Омар-Шу» шаруа қожалығының тракторшысы. Бұл күнде тракторды қалай жөндеу керектігін, қандай жері сыр беріп тұрғанын техниканың «дүр» еткен дауысынан-ақ біледі.
– Жастайымнан трактор жүргізіп, тракторшыларға көмекші болып, техниканы жүргізуді үйрендім. Бірте-бірте жөндеуге де машықтандым. Қазір ол уақыттарым үшін қуанамын. Өзім тракторшы мамандығын қаладым. Сол мамандықта табан аудармай еңбек етіп келе жатырмын. Еңбегімізге қарай алатын жалақымыз да жаман емес. Жаздың күндері 400 мың теңгеден кем жалақы жоқ. Әр жылдары түрлі марапаттарға да ұсынып тұрады. Жұбайым Қымбат екеуміз төрт ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз. Кенже балам Нұртөре мектептің жоғары сыныбында оқиды. Сол баламның тракторға икемі, қызығушылығы бар. Мен оның механизатор болғанына қарсы емеспін. Техниканың тілін білсең, келешекте жеке меншік тракторың болса да қиналмай жөндеп, өзің жүргізе бересің. Мамандықты меңгеріп, көңілге түйіп жүргеннің зияны жоқ. Биыл мемлекетіміздің жұмысшы мамандарды құрметтеп, назарға алып жатқаны қуантады. Адал еңбек әрқашан жемісін береді, – дейді механизатор Талғат Асырұлы.
Егіс даласында тіршілік басталған көктемде де, жер аяғы кеңіген жазда да, алтын нұрға малынған күзде де бұл азаматтың жұмысы қыза түседі. Себебі, ол ауыл шаруашылығына нағыз керекті маман. Әр адамға жұмысына керекті болудан, еңбегінің рәтін көруден артық бақыт жоқ шығар.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Айдан келген топырақта қазақ баласының да қолтаңбасы бар
- 20 наурыз, 2025
Күн мен түн теңелгенде...
- 20 наурыз, 2025
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді