
Әр ауылдың сыйлы ақсақалдары Әбдібай Төлендиев, Тоқтан Шаянбаев, Несіпхан Қоңырбаев, Сәт Мәлібеков өздерінің ойларын ортаға салып, ізгі бастаманы қолдап, ауылдастарымен бірге келеңсіздіктермен күресетіндерін айтты.
Бұл мақсатта аудандық полиция бөлімі әкімдікпен бірлесіп, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сатушыларды анықтау, жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта көңіл көтеретін орындарда жүруін тыю, тіркеудегі азаматтардың жай-күйін біліп отыру, заңсыз қару ұстап жүрген азаматтарды бақылауды міндеттеріне алған. Сонымен қатар, әр ауылға әкімдіктен жауапты өкілдер бекітіліп, тұрақты жұмыс жүргізіле бастады.
Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, интернеттегі алаяқтық мәселелеріне жол бермеу жағы да әр жиында ашық айтылып келеді. Аудан әкімінің орынбасары Найман Кенжеханұлы:
«Алкоголь өнімдерін сату қатаң бақылауды қажет етеді. Заң талаптарына бағыну кәсіпкерлермен қатар басқа қарапайым азаматтар үшін де қажет. Қоғамның қауіпсіздігі өте маңызды. Бұл ретте Шу қаласындағы және ауылдық округтердегі дүкендерде болып, түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Кәсіпкерлер мен сатушыларды өскелең ұрпақтың болашағына оң ықпал ететін істермен шұғылдануға шақырдық, – дейді.
Әр ауылдық округте өткен жиындардың нәтижесі жаман емес. Әзірге үш ауыл «Ішімдік сатпайтын ауыл» тізіміне кіріп отыр. Алдағы уақытта жас ұрпақтың тәрбиесіне мән берілсе, ішімдіксіз ауылдар көбейе түсетіні анық. Осы бағытта ауданның атқамінер азаматтары тынымсыз еңбек етіп келеді. Бұл – өте ізгі және құптарлық қадам.
Есет ДОСАЛЫ
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің теңдігі
- 7 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді