
Қуаныш мемлекеттік қызметте де жұмыс істеген тәжірибелі азамат. Ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларын жақсы біледі. Жұмысты қалай жүргізу керектігін, қандай мәселені шешу керектігін көңілге түйген. 2016 жылы ашылған кәсіпорынға Болгария, Түркия мемлекеттерінен заманауи құрылғылар әкелінген. Сол құрылғыларды меңгеруге қабілетті мамандар да жеткілікті. Осыдан 7 жыл бұрын бұл цех тәулігіне 9-10 тонна сүт қабылдап, өңдей бастаған. Ал, жаз айларында 28 тоннаға дейін өнім қабылдай алады.
Аталған цехта ірімшіктің оннан астам түрі шығарылады. Атап айтқанда, «Голландский», «Костромской», «Сулугуни», «Сливочный», «Моцарелла», «Брынза», «Плавленый», «Гауда», «Фасованный» түрлері әзірленіп, тапсырыс берушілерді уақытылы қамтып отыр. Сүзбе, айран түрлеріне де сұраныс жоғары. Цехтың тасымал жұмысы 3 техникамен Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларына өнім жеткізеді. Ал, астаналықтар тапсырыстарын өз көліктерімен алып кетуге келіскен екен. Сыйымдылығы 100 тоннаны қамтитын 5 салқындатқыш, 40 тонналық екі мұздатқыш жұмыс істеп тұр. Осында 26 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, олардың орташа жалақысы 150 мың теңгені құрайды.
Ірімшік дайындаудың шебері Жанет Фолошня, басқару аппаратының маманы Валерий Стрельников өнімді жұмыстарымен өзгелерге үлгі. Ал, сүзбе ірімшігін дайындау шебері Алтынай Шағанбаеваның да, жұмысшы Ирина Белогияньның да тындырымды жұмыстарына қызығатын жандар көп. Жұмысы өнімді аталған қызметкерлердің жалақысы да едәуір жоғары. «AQ MOL-2025» өнімдері еліміздің әр аймағына кеңінен таныс. Аталған өндіріс ошағының еліміз бойынша 25 өткеру нүктесі бар.
– Барлық жетістік пен танымалдылық еңбектің нәтижесімен келеді. Кәсіпорынның жұмысын жолға қою үшін барлық тиімді қадамдарға бардық. Уақытпен санасқан жоқпыз. Қымбат қондырғылар сатып алдық. Жұмысшыларға жағдай жасадық. Әлі де жаңа тәсіл, жаңа мүмкіндіктерді үйренуден жалыққан емеспіз. Біздегі оператор, инженерлер, технологтар, зертхана мамандары – өз ісінің шеберлері. Цех ашылғалы бері тұрақты жұмыс істеп жатқандар бар. Біздің өндірісте қаншалықты ұзақ жыл істеген сайын олардың табысы да, оларға көрсетілетін материалдық қолдау да арта береді. Біздің мамандар мен жұмысшылар осыны жақсы түсініп отыр. Алдағы уақытта өнім көлемін арттыру, цехты ұлғайту, жұмысшыларға қолайлы жағдай жасауды жүзеге асыру ойымызда бар, – дейді кәсіпорын жетекшісі Қуаныш Мешелов.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Электр энергиясын ысырап етпеудің жолы қайсы?
- 26 сәуір, 2025
Жел стансаларының болашағы жарқын
- 24 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді