«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Өнімділігі жоғары зауыт

Өнімділігі жоғары зауыт
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, шетелдік инвестиция тарту арқылы отандық кәсіпорын қуатын арттыруды тапсырып отыр. Президент «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатындай жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беру қажет», деген болатын. Мемлекет басшысының инвестиция тарту бағытындағы тапсырмасына байланысты облысымызда жүзеге асырылып жатқан жобалар баршылық. Соның бірі – бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Жамбылгипс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің басшысы Андрей Промченконың айтуынша, құрғақ қоспалар мен гипс материалдарын дайындайтын зауыт мемлекеттік «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылыпты. Оның жобалық құны 1 миллиард 715 миллион теңгені құраған. Бүгінгі күні с ерікте стік озық технология мен гипс материалдарын және құрғақ қоспалар өндіретін еліміздегі жетекші компанияның бірі болып табылады. Кәсіпорын шетелдік «KNAUF», «Lafarge» және «ALCIBAY» гипс өндірушілермен ынтымақта жұмыс атқаруда. Жобаның тәуліктік қуаты 750 тонна, жылдық көлемі 260 мың тонна гипс өндіру, ал құрғақ қоспаларды дайындаудағы тәуліктік қуаты 600 тонна болса, қазіргі таңда өндіріліп жатқаны 400 тоннаға жуық.

Бүгінгі күні зауыт жоғары сапалы гипс пен құрғақ қо спалардың кең ассортиментін бір уақытта және біркелкі шығаруына мүмкіндік беретін құрал-жабдықтармен, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Оның жұмысы толық автоматтандырылған. Біздің зауыт еліміздегі өз саласы бойынша еңірі зауыт болып саналады. Алда оның көлемін бірнеше есеге арттыру көзделуде. Өнімнің 40 пайызы шет мемлекеттерге экспортталады. Негізгі тұтынушыларымыз Ресей мен Қырғыз мемлекеттері. Өз еліміздің нарығында да бізде өнімге деген сұраныс жоғары, – дейді ол.

Зауытта 140-қа жуық адам еңбек етеді. Жалақылары да жақсы. Жұмысшылар арнайы киім-кешекпен, ыстық тамақпен де қамтылған.

Ал зауыттың гипс тақтайшасын шығаратын цех өндіріс менеджері Нұржан Әбдалимовтың айтуынша, цехта 33 жұмысшы үш ауысыммен жұмыс істеуде. Тәулігіне мұнда 10 мың шаршы метрді құрайтын гипс тақтайшалар шығарылады. Оның көлемі әр алуан. Тапсырыс берушілердің қалауы бойынша оның шаршы метрі өзгеріп отырады екен.

– Осы зауытта жұмыс істеп жатқаныма жиырма жылға жуықтады. Қатардағы жұмысшыдан бастап өндіріс менеджері лауазымына дейін жоғарыладым. Цехт ағы жұмыс барысы толық автоматтандырылған. Шикізат шет мемлекеттерден жеткізіледі. Біз гипс пен қағаз ұнтағын, тағы басқа қоспаларды араластыра отырып, гипс тақтайшалар шығарамыз. Ол алдымен сұйықтық ретінде арнайы қалыпқа құйылып, мөлшеріне келтірілген соң цехтағы кептіру құралында жоғары температурада құрғатылып, тақтай болып шығады. Ол көбінде ғимараттың ішкі құрылысында пайдаланылады, – дейді Нұржан Әбдалимов.

Сондай-ақ, зауыттың құрғақ қоспалар цехында да жұмыс қайнап жатыр. Аталған цехтың өндіріс менеджері Ермек Момынов.

– Мұнда жұмысшыларға жасалған қолдау бар. Біздің цехта құрғақ гипс қоспалары мен құрғақ цемент қоспалары дайындалады. Цехтың тәуліктік қуаты 400 тоннаны құрайды. Екі ауысымда 38 адам жұмыс істейді. Арнайы қағаз қапқа қапталған құрғақ қоспалар зауыттың қоймасына жеткізіледі. Сол арадан ол еліміз бойынша таратылады. Бір бөлігі Ресей мен Қырғыз еліне жіберіледі. Алдағы уақытта цехтың тәуліктік қуатын 600 тоннаға жеткізіп, Өзбекстан Республикасына тасымалдау жоспарлануда. Жа лпы, жұмысым өзіме ұнайды. Өзім осында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келемін, – дейді Ермек Момынов.

Зауыт жұмысшыларымен әңгімелесу барысында серіктестік тарапынан оларға барлық жағдайдың жасалып отырғанын білдік. Ыстық тамақпен, киім-кешекпен қамтылғанын айтпағанның өзінде, онда жұмысшылардың тасымалына дейін шешіліп қойылған. Бұдан бөлек, жұмысшыларын ынталандыру мақсатында тоқсан сайын жалақыларына 20 пайыз сыйақы қосып беріледі екен. Серіктестік басшысы Андрей Промченко да зауытта осындай тәртіп пен жұмысшыларды ынталандыру шараларының зауыт ашылғаннан бері қалыптасып отырғанын айтты. Сондай-ақ, Андрей Промченко алдағы уақытта гипс тақтайшаларымен қатар, бөлмелердің ішін әрлейтін гипс жапсырмаларды да шығаруды жоспарлап отырғанын жеткізді.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұқсас жаңалықтар