Атаулы жыл аясында облыстан 40 оқушы Тараз қант зауытына арнайы экскурсияға барып, өндіріс барысын көзбен көріп, ондағы еңбектің қазанында қайнаған жандармен пікірлесті. Экскурсия барысында оқушылар қант өндірісінің әр кезеңін көріп, шикізаттың қалай өңделетінін, заманауи технологиялардың қалай қолданылатынын және зауыт қызметкерлерінің еңбегін бақылады.
– Зауыт мамандары оқушыларға зауыттың тарихы мен жұмысы туралы қызықты ақпарат беріп, өндірістегі қауіпсіздік ережелері, құрал-жабдықтар мен технологиялар туралы әңгімеледі. Осындай танымдық сапарлар оқушыларға тек жаңа білім беріп қана қоймай, олардың болашақ мамандық таңдауына да оң әсерін тигізеді. Жұмысшы кәсіптері – ел экономикасының негізі, ал осындай тәжірибелік кездесулер жастарға бұл мамандықтардың маңыздылығын түсінуге көмектеседі, – дейді облыс әкімдігі білім басқармасының баспасөз хатшысы Ару Датаева.
Мұндай мақсатты экскурсиялар мұнымен тоқтап қалмайды. Жыл соңына дейін өңірдегі түрлі саладағы кәсіпорындарға барумен жалғаса бермек. Сол арқылы баланың бойына еңбексүйгіштік, өз еліне қызмет ету сезімдерін қалыптастыру басты назарда.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде балалар әдебиетінің онкүндігі өтіп жатыр
- 14 сәуір, 2026
Ұлағатты ұстаздар топтасқан ұжым
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




