
– Келесі кезек күттірмейтін мәселе. Туризм экономиканың өсуіне жаңаша серпін беретін сала болуы қажет. Бұл бағытта біз артта қалып барамыз, жұмыс мардымсыз жүріп жатыр. Еліміздің әр аймағында көрікті жерлер бар. Шетелден және ел ішінен келген туристер біздің қайталанбас қорықтарымызды аралап көргісі келеді. Бірақ, белсенді және ауқымды туризмді дамыту үшін жағдайымыз жеткілікті емес. Сондықтан жеке инвесторларды да тарта отырып, қажетті инфрақұрылым салу жұмысын дереу бастау қажет. Туризм саласының инве стициялық әлеуетін күшейтуге арналған кез келген бастамаға қарсы шығатын адамдардың жетегінде кетпеу керек. Маңғыстауда әйгілі Бозжыраға байланысты сондай жағдай болғанын білесіздер. Үкімет пен жергілікті мекеме өкілдері іскерлік ахуалды жақсарту үшін неғұрлым батыл шаралар қабылдауға тиіс. Мен экономикаға инвестиция тарту мәселесін бекерден-бекер басты орынға қойып отырған жоқпын. Мұның да стратегиялық маңызы зор. Экономикамыздың болашағы мен еліміздің әлем картасындағы орны, ең алдымен, осыған байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Талай жәдігерді қойнауына жасырған Жамбыл жері отандық туризмнің де бөлінбес бөлшегі саналады. Оған тарихи негіз де жетерлік. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан екі мың жылдық тарихы бар шаһар ортағасырда-ақ көпестер мен саудагерлер қаласы атанған. Бұл тарихи тізбек бүгін де сақталып отыр. Облыстың туризм саласы жыл сайын өркендеп, өңірге келушілер қатары да айтарлықтай артқан.
ӨТКЕН ЖЫЛЫ ӨҢІРГЕ 151 МЫҢ ТУРИСТ КЕЛГЕН
Екі мың жылдық тарих сахнасында ойып тұрып орын алған Тараз қаласының туризмдегі әлеуеті әлі де төмендей қойған жоқ. Бұған тарихи фактордан бөлек, шаһардың еліміздегі ең үлкен қалалардың аралығында орналасуы, көршілес Бішкек, Ташкент, Самарқанд сияқты қалаларға жақын болуы себеп болып отыр. Осы себептен де өңірге келген туристер қатары айтарлықтай артқан. Биылғы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша облысқа 151 110 турист келген. Осылайша, туристер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай артқан. Оның ішінде 2 471 шетелдік, 148 639 еліміздің басқа өңірлерінен келген туристер бар.
Соңғы жылдары облыс кәсіпкерлері арасында туризм саласына инвестиция салу белсенділігі артқан. Нәтижесінде, өңірде соңғы екі жылда 6 туристік объект іске қосылып, облыс тұрғындары мен қонақтарына табысты қызмет көрсетуде. Оның ішінде тау шатқалдарында орналасқан «Көкс ай», «Алма лы» дема лыс аймақтары, Тараз қаласында ашылған «Zerbulaq» аквапаркі сияқты ірі туристік аймақтармен қатар, «Grand Way Hotel» секілді қонақүйлер мен «Royal Petrol» секілді жол бойындағы сервистік кешендер бар.
Қазіргі кезде Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінде «Ежелгі бекініс» құрылысын салу, «South Holiday» демалыс орталығы мен Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов аудандарында облыс аумағында жалпы көлемі 16,4 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 5 туристік инфрақұрылымдық жобаны іске асыру пысықталуда. Қорытындысында «Көксай resort», «Алмалы», қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Таскөл» демалыс аймақтарына алып баратын автожолдар салынып, аталған туристік аймақтар көгілдір газбен қамтамасыз етілмек.
Сонымен қат ар, кәсіпкерлік субъектілерін туризм саласына тарту, оның ішінде сервистік қызмет көрсету орындарын ашу, туристік объектілер жанынан халықаралық стандарттарға сай санитарлық-гигиеналық тораптар орнату, туристерге қызмет көрсету жұмыст арын с апалы жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында биыл 17 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, туристер үшін тартымды аумақтарда орналасқан дәретханаларды күтіп-ұстауға кететін шығынның бір бөлігі айына 83 300 теңге көлемінде субсидиялау бойынша 16 кәсіпкерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілуде.
– Облыстың туристік әлеуетін жарнамалау және келетін туристер легін арттыру мақсатында жалпы саны 15 оқиғалы іс-шаралар ұйымдастырылды. «Көктем көркі – қызғалдақ» экспедиция-фестивалі, «Тараз – қолөнершілер қаласы» халықаралық қолөнершілер көрмесі, ақпараттық турлар, балалар мен жасөспірімдер туризмін қамтитын «Живые уроки» және «City bus» жобаларына 10 000-ға жуық адам қамтылған. Оның ішінде 2000- нан аст ам жаст ар мен мектеп оқушылары, 2 300-ден астам шетелдік қонақтар болса, 7 000-ға жуығы облыс тұрғындары. Өткізілген іс- шаралар аясында ұйымдастырылған жалпы саны 30 шеберлік сабақтары, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференцияларда әлемнің басқа елдері мен еліміздің басқа өңірлерінен келген эксперттер туризм саласындағы табысты тәжірибесімен алмасқан. Бұдан бөлек, Бейжің, Доха, Самарқанд, Астана, Алматы қалаларында өткізілген ірі халықаралық форум, көрмелерде облыстың туристік әлеуетінің таныстырылымдары өткізілген, – дейді Аспандияр Сейсебаев.
ТАРАЗ – ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚАЛАСЫ
Ежелден Ұлы Жібек жолы бойындағы қолөнер және сауда орталықтарының бірі ретінде әлемге танымал болған тарихы терең Тараз қаласы 2022 жылы Дүниежүзілік қолөнершілер қалаларының тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл іс-шараны біздің өңірдің мәдени-туристік саласындағы ең ірі оқиғасы деп санауға болады. Қолөнершілер қалаларының Дүниежүзілік тізімі 2014 жылдан бері қалыптасып келеді және бүгінгі таңда бұл тізімге әлемнің 25 мемлекетінің 65 қаласы енген. Ал, Тараз қаласы осы тізімге 56 қала болып енгізіліп, Қазақстанның алғашқы қолөнершілер қаласы мәртебесін иеленді. Өткен жылы «Тараз – Қолөнершілер қаласы» көрмесінің жұмысына халықаралық қолөнершілер қауымдастығының, туризм саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен сарапшылары қатысты. Қолданбалы өнер іс-шарасы көп қырлы болды: көрме бағдарламасы қолөнер көрмесін ғана емес, сонымен қатар, бай мәдени және білім беру бағдарламаларын да қамтыды. Көрме ашылған күні қала қонақтарына туристік нысандар бойынша экскурсиялық турлар ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар, кәдесыйлар жәрмеңкелері, Aspara fashion week сән көрсетілімдері, қолөнер өнері бойынша шеберлік сыныптары өткен еді. Сондай-ақ, 2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланғаны белгілі. Осыған орай, жылдың 29 наурызында Қытай астанасы Бейжіңде туризм жылының ресми ашылу салтанатында облыстың туристік әлеуетінің тұсаукесері өткен болатын.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Мәскеу қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына «Достастық жәрмеңкесі» мемлекет аралық бағдарламасын іске қо суды ұсынды. Осылайша, ел Президенті жыл сайын ТМД елдерінің түрлі қалаларында бүкіл Еуразиялық өңірдің қолөнершілері мен шаруаларын шақыра отырып сауда іс-шараларын өткізуді және алғашқы көрмені Таразда қабылдауды тапсырды. Осыған сәйкес, 2025 жылдың тамыз айында ТМД елдері өкілдерінің қатысуымен облыс орталығында Ынтымақтастық жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ – МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ
Өткен жылы еліміздің туризм саласы пандемиядан бұрынғы жағдайына қайтып оралған болатын. Бұл туралы Президент туризмді дамыту бойынша кеңесте «Бүгінде әлемдік жалпы өнімдегі туризмнің үлесі 9 пайыздан асты. Яғни, пандемияға дейінгі деңгейге қайта келді деуге болады. Дүниежүзіндегі жұмыс орындарының шамамен 10 пайызы туризмге тие сілі. Әрбір төртінші жұмыс орны осы салада ашылып жатыр. Көрсетілетін қызметтер бойынша әлемдік экспорттың 30 пайызы, инве стицияның 7 пайызы және салық түсімдерінің 5 пайызы туризм арқылы түседі. Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мол мүмкіндік бар, экологиялық туризмнен бастап бизнес туризміне дейін дамытуға болады», – деп атап өтті. Ал, облыстың туристік әлеуеті негізінен тарихи- мәдени ескерткіштердің есебінен артып отырғаны белгілі. Өңірде 8 ескерткіш Қазақстанның киелі жерлері картасына, 27 ескерткіш микросакралды картасына, 3 ескерткіш өңірлік деңгейдегі туристендіру картасына, 2 ескерткіш Еуразиялық Экономикалық ынтымақтастық ұйымының дүниежүзілік ерекше туристік тартымды нысандарының тізіміне енген. Ал, 5 археологиялық ескерткіш, яғни Баласағұн, Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтары және Ақыртас сарай кешені ЮНЕСКО- ның бүкіләлемдік мұралар тізімінде тұр. Одан бөлек, өңірде 200-ден астам ежелгі қалашықтар, 8 ерекше қорға латын т абиғи аумақ, т ау бөктерінде 30-дан астам шатқал бар. Бұдан бөлек, 220 туристерді орналастыру орны, 434 тамақтану орны, 15 туристік ұйым, 11 балаларды сауықтыру лагері, 7 шипажай, 15 демалыс орны, 200-ден аса қолөнершілер мен 25 көлік субъектісі жұмыс атқарады. Негізгі туристік нысандар саны 65-ті құрап, олар арқылы өтетін 45 туристік маршруттар әзірленген. Дегенмен, туристік қызмет көрсетуші компаниялар өңірде тарихи ескерткіштердің инфрақұрылымнан жырақ орналасуы келушілерге қолайсыз болып тұрғандығын жиі айтады.
Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туризм саласы өкілдерімен кездесуінде жергілікті атқарушы билік органдарына елді мекендерден тыс жерлерде инженерлік-коммуникациялық және көлік инфрақұрылымын жүргізу құзыретін беру туралы мәселе пысықталуда екендігін айтқан болатын.
– Курорттық аймақтарда туристер тасымалын жеделдету мақсатында өз қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылым салған инвесторларға шығындарды өтеу тетігін әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде. Сондай- ақ, туристік орындарды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша арнайы бюджеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс күтіп тұр. Өңірлердегі қажеттілік бойынша егжей-тегжейлі пысықтау үшін «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамы еліміздің ең танымал курорттық аймақтарына түгендеу жүргізуді жоспарлап отыр, – деді Ержан Еркінбаев.
Сонымен қатар, вице-министрдің сөзінше, мемлекеттік қолдауға мақұлданған өтінімдердің көлемі өткен жылы сегіз есеге ұлғайған. Осылайша жалпы көлемі 800 миллион теңгеден астам қаражатқа өтінімдер мақұлданған. Олардың қатарында жол бойындағы қызмет, автомобиль көлік құралдарын сатып алуға жұмсалған шығындар, аудандық және облыстық маңызы бар жол торабы бойында туристік нысан салу мен қонақүй секторы бойынша шығындарды өтеу жұмыстары бар.
КІШІ ҚАРАТАУ ГЕОПАРКІ
Өңір туризмін дамытудағы маңызды қадамдардың бірі – Кіші Қаратау геопаркін құру туралы шешім екендігін атап өтпеске болмайды. Жамбыл өңірі тарихымен ғана емес, бай флорасы мен фаунасы арқылы да танылған. Әсіресе, мұнда белгілі бір мекенде ғана кездесетін эндемик өсімдіктер де кездеседі. Елімізде өсімдіктердің 730-дан астам түрі эндемик саналса, соның ішінде 170-ке тарта табиғи түр оңтүстік өңірлерде ғана өседі. Ал, облыс аумағында Қаратау қауы, Қаратау маралтамыры, Алатау бөдене шөбі, Бетпақдала сылдыр шөбі сияқты өсімдіктер тек осы аймақта таралған ерекшелігіміз болып саналады. Бұдан бөлек, Талас даласында өсетін қызғалдақ түрлері де өңірдің әсемдігін айшықтай түсетін табиғи байлығымыз болып есептеледі. Болашақ геопарк құрылатын Қаратау жотасы еліміздің оңтүстігіндегі Батыс Тянь-Шаньның солтүстік-батыс сілемі. Ол Талас Алатауынан созылып, біртіндеп төмендеп, Сарысу-Шу жазығына өтеді. Оның ұзындығы оңтүстік- шығыстан солтүстік-батысқа қарай 434 шақырымды құрайды, таулардың ең үлкен ені 54 шақырымға жетеді. Жотаның шығысы кіші Қаратау, оңтүстік-батысы Үлкен Қаратау деп бөледі.
Кіші Қаратау жотасы Сарысу ауданында орналасқан. Мұндағы инфрақұрылымы жақсы дамыған Қаратау және Жаңатас қалалары өңір экономикасының негізгі игерілген ауданы. Сарапшылардың пікірінше, осы аумақта геопарк пен геотуризм объектілерін құру аймақ, кенттер мен өнеркәсіптік қалалар экономикасының тұрақты дамуына ықпал етуі мүмкін.
– Геопарк-белгіленген шекаралары бар, ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылмайтын аумақ, оның шегінде шаруашылық және рекреациялық қызметке шектеулер жоқ. Бұл қарапайым ашық аспан астындағы геологиялық мұражай. Геопарктер мемлекеттің сирек кездесетін геологиялық, табиғи және мәдени нысандарды қорғауы үшін қажет. Қазақстан іс жүзінде ашық аспан астындағы геологиялық мұражай бола отырып, геопарктер құру үшін зор әлеуетке ие. Мұнда керемет әдемі пейзаждар және егжей- тегжейлі зерттелген геологиялық тарихтың бай қоры қалыптасқан. Кіші Қаратау шегіндегі Жамбыл облысының аумағы көптеген пункттер бойынша ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктерінің өлшемдеріне сәйкес келеді. Геопарктер орналасқан аймақтар экономиканың дамуына серпін беріп, қо сымша с а лық аударымдарының түсуіне жағдайда жасайды,–дейді UNESCO геопарктер жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы, геология-минералогия ғылымдарының докторы Саида Нығматова.
Спикер геопарктің негізі болып табылатын негізгі геологиялық және өзге де табиғи және мәдени объектілер ұлттық, өңірлік және жергілікті заңнама шеңберінде қорғалуы тиіс екенін атап өтті. Геопарктің басты мақсаты – геологиялық және геологиялық емес объектілерді ғылым мен туризмді насихаттау үшін пайдалану болып саналады.
Кіші Қаратау геопаркін құру мақсатында мамандар түрлі елдердің тәжірибесіне арқа сүйеген. Солардың бірі – Башқұртстандағы «Янган-Тау» геопаркі. Аталған геопарк экономикасы тұралап қалған аумақтың әл-ауқатын арттыруға айтарлықтай әсер еткен. Геопарк құрылған аумақта соңғы 15 жылда аудан халқының саны 15 пайызға қысқарып, өнеркәсіптік өндіріс дамымаған. Ал, еңбекке қабілетті 12 900 адамның төрттен бір бөлігі муниципалитеттен тыс жерде жұмыс істейді және басым бөлігі әлі де ресми түрде тіркелмеген. Ауданда тек жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің үштен бірін құрайтын «Янган-Тау» шипажайы геопарк құру үшін негіз болған. Осылайша, «Янган-Тау» геопаркінің стратегиялық даму жобасы 2019 жылғы наурызда Стратегиялық бастамалар агенттігі өткізетін үздік әлеуметтік- экономикалық тәжірибелер байқауының финалына енген. Бүгінде мұнда 20-дан астам түрлі маршруттарда 10 жергілікті геогид жұмыс істейді. Геопарк оқушылар мен геогидтерді оқыту, конкурстар, олимпиадалар, жазғы далалық лагерьлерді ұйымдастыру мен ғылыми зерттеулерді өткізуге жағдай жасайды. Ал, саябақтың күнделікті интернет-аудиториясы 10 мың адамға жуықтайды.
Жалпы, әлемде осындай білімге және қорғауға негізделген геопарктерді құру Исландия, Дания, Қытай, Греция, Португалия, Италия, Индонезия және Франция елдерінде жақсы дамыған.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Таразда көктемгі абаттандыру- жұмыстары басталды
- 18 ақпан, 2025
Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы
- 18 ақпан, 2025
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді