
Бүгінгі күні облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жататын картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасымен бағаны тұрақтандыру бойынша бірлесе жұмыс атқаруда. «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директоры Манас Беріковтің айтуынша, акционерлік қоғам «TRZ Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен картоп бағасын көтермеу мақсатында келісімшарт жасасып, оның бір килограмын 100 теңге деп белгілеген. Бүгінгі күні жалпы көлемі 3000 тонна картоп өніміне №03-23/ЗСФ форварттық келісімшартқа отырған.
– Осы жылдың 10 қаңтарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру жөніндегі комиссияның №1 хаттамалық шешімімен картоп бағасын тұрақтандыру мақсатында Тараз қаласының аумағындағы сауда нүктелеріне 800 тонна картопқа интервенция жүргізу бойынша тапсырма берілді. Бүгінгі күнге Тараз қаласы аумағындағы «Дәмді себет», «Нурислам», «Фиркан», «Әлеуметтік дүкен» және үй маңындағы дүкендерге, барлығы 60-тан аса сауда нүктесінде 130 теңгеден 107,5 тонна картопқа интервенция жүргізілді. Сондай-ақ, интервенция жұмыстарын жүргізу барысында «TRZ Agro» ЖШС жеткізіп отырған картоп өнімінің сапасына қарай біздің тараптан сауда мекемелеріне салмағына 10 пайызға дейін жеңілдік берілуде. Осылайша сауда мекемелері сөрелерге шіріксіз, үсімеген картопты шығаруға тиісті. Айта кететіні, «Тараз» ӘКК» АҚ-мен қандай да бір сауда желісіне немесе дүкендерге жеткізген картоп өнімін өздерінің қоймашылары қабылдап алады да, ары қарай сауда нүктелеріне өздері таратады. Қабылдау барысында бұзылған өнімге «Тараз» ӘКК» АҚ жоғарыда айтылған жеңілдік беріп, сатылымға тек сапалы картоп шығу қажеттілігін ескертуде. Бүгінгі таңда, «Тараз» ӘКК» АҚ тарапынан өнім берушілерден сапалы өнімді жеткізу талап етіліп, сонымен қатар сауда орындарының сөрелерінде сапалы тауарлардың тұруына тұрақты түрде мониторинг жасалуда, – дейді «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының директоры Манас Беріков.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Олар жасаған жиһазға елдің бәрі риза
- 15 мамыр, 2025
Ұстаздығы бір төбе, ұсталығы бір төбе
- 15 мамыр, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді