Мәселен, жуырда ғана облыс прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жауынгерлері шекараны заңсыз кесіп өткен Бангладеш Халық Республикасының 5 азаматын қолға түсірді. Осылайша, біздің жігіттер шекара қызметінің тағы бір маңызды бағыты – экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ерен үлгісін көрсетті.
– Бүгінде аталған факті бойынша Қылмыстық Кодекстің 392-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот шешімінің негізінде күдіктілерге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Осы ретте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібін және оның режимін бұзу заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – деді Шекара қызметі облыс бойынша департаменті баспасөз қызметінің өкілі, капитан Аслан Жексенбин.
Айта кетейік, былтырғы жылы бангладештік 6 азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болғаны үшін сотталған болатын. Сотталушылар ел аумағында жұмыс істеу мақсатында визасыз келген. Олар Қырғыз Республикасынан өткізу пункттерінен тыс шекараны заңсыз кескен. Шекарашылар оларды Қостанай облысындағы өткізу пунктінде болған сәтте құрықтайды. Соттың шешімімен шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасынан 5 жыл мерзімге шығарылып, әрқайсысына 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалған еді. Сондай-ақ, өткен жылы облыс аумағындағы өткізу пункттерінде есірткі заттары бойынша 51, қару-жарақ пен оқ-дәрілер бойынша 34 және діни әдебиеттер бойынша 82 дерек тіркелген. Сонымен қатар, қос азаматтық бойынша 96 факті анықталған. Ал, жалпы құны 32 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарының 1 662 дерегі тіркелген. Бұдан бөлек, тұтыну тауарлары бойынша 1 356 дерек тіркеліп, заңсыз айналымдағы тауарлардың жалпы құны 4,5 миллиард теңгеден асқаны белгілі болды.
Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекарасын қорғау және оның бұзылуына жол бермеу мақсатында былтырғы жылы бас-аяғы 7 шекаралық операция ұйымдастырылған. Дәл осы операциялар барысында шекара тәртібін бұзған құқық бұзушылардың әрекеттері дер кезінде анықталып, заңсыз әрекеттердің жолы кесілген. Сонымен қатар, бұл кезеңде шекара аумағында 733 рейдтік іс-шара өткізіліп, жасырын қару-жарақ пен оқ-дәрілер қоймасы табылған. Бұдан бөлек, Қазақстан мен көршілес Қырғыз елінің арасындағы мемлекеттік шекараның ерекше маңыздылығын ескере отырып, шекараны күзету күшейтілген. Нәтижесінде Қырғыз елінен Қазақстанға заңсыз өтпек болған 600-ге жуық адам құрықталған. Айта кетейік, ұсталғандар шекара заңнамасын бұзып, ел аумағына рұқсатсыз енуге тырысқан.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді