Президентіміздің тапсырған «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірімізде көп жұмыс атқарылуда. Осы акция аясында аула тазалығына, саябақтар мен скверлерді көріктендіруге, көгеріштендіруге, безендіруге аса мән беріліп отыр. Мұны жете түсінген Рүстем өз ауылының таза болуын ерте бастан ойлап, үш жылдан бері ауылдан тұрмыстық қалдықтар шығарумен айналысып келеді.
Ол тұратын Үлгілі ауылындағы 17 көшеде 512 түтін болса, онда 3500-дей халық бар. Рүстем тракторшысы Бақыт Бекмағанбетов және жұмысшылары Қанат пен Руслан Жұмалиевтермен бірге аптасына ауылдағы 17 көшені бір күнде аралап, әрбір үйден шыққан тұрмыстық қалдықтарды қоқыс алаңына шығарып, халықтың алғысына бөленіп жүр.
– Біз алдын-ала жасалып қойылған кесте бойынша жексенбі күндері ауыл көшелерін аралап, көше бойына шығарылған тұрмыстық қалдықтарды ауыл сыртындағы қоқыс алаңына тасумен айналысамыз. Ауылдан аптаның бір күнінде 4,5-5 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылады. Қажеттілікке байланысты әсіресе мерекеден кейінгі күндері кейбір көшелерді екінші мәрте аралап шығуға тура келеді. Басты мақсатымыз – ауылымыздың таза, көрікті де, көгерішті болуына үлес қосу, – дейді Рүстем Асылбекұлы.
Олардың бұл жұмысына ауыл тұрғындары разы. Ауыл тұрғыны Есімкүл Үмбетбаева
«Біздің ауылымызда тазалыққа жақсы мән берілген. Апта сайын үйден шығарылған тұрмыстық қалдықтарымызды қапқа салып, көше бойына қоямыз. Демалыс күні белгіленген уақытта жас кәсіпкер Рүстем Мейірханов жұмысшыларымен келіп, алып кетеді. Өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтын Рүстем Асылбекұлына айтар алғысымыз шексіз», – дейді ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Болашақта бүкіл әлем таза энергетикаға көшеді
- 4 желтоқсан, 2025
Әлемдік трансформация көлеңкесіндегі Қазақстан экономикасының болашағы
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




