Қазақстанда республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2025
- 1.1k
ҚР Көлік министрілінің ресми мәліметіне сүйенсек, өңірлерді жалғайтын күре жолдың 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады. 2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:
• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
• «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),
• «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),
• «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),
• «Атырау – Доссор» (86 шақырым),
• «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),
• «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),
• «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).
Осы ретте жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады деп жоспарланған. Бір айта кетерлігі, аталмыш жолдардың басым көпшілігі көпжолақты болмақ. Бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.
Айта кетейік, 2024 жылы құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 12 мың шақырым жолды құрады. Бұл - рекордтық көрсеткіш. Жол құрылысы маусымында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта жаңғырту және жөндеу жобаларына 25 мыңнан астам адам мен 10 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылған.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




