«Жамбыл жоғары медициналық колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру
- author «Ақ жол»
- 27 қаңтар, 2025
- 270

Кәсіпорынның орналасқан жері: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 20, тел. 8 (726)45-37- 16, med.col.priem@zhambyl.kz
Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Фармация», «Зертханалық диагностика», «Мейіргер ісі» және «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы және ақылы негізде орта арнайы кәсіптік білім беру, сонымен қатар орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру бойынша қызмет түрлерін жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:
- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы (мекеме) басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл; оқу орнының кадрлар даярлау бейініне сәйкес келетін бір немесе бірнеше біліктілік бойынша орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріндегі басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл; бейіні бойынша әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшысы (басшының орынбасары) лауазымында кемінде 2 жыл өтілі бар;
- педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог- сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (оқытушылық қызметті жүзеге асыру кезінде); немесе «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының немесе білім беру ұйымы «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» не «басшы-ұйымдастырушы» немесе «басшы- менеджер» немесе «басшы-көшбасшы» біліктілік санатының болуы;
-«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша жоғары білім, «Денсаулық сақтау менеджменті» («Қоғамдық денсаулық сақтау») мамандығы бойынша біліктілікті арттырудан (қайта даярлаудан) өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік беру туралы куәлік (немесе сертификат);
- денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты;
- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Негізгі лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік- шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
- білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қоғамдық тамақтандыру, медициналық қызмет көрсету ұйымдарының жұмыс істеу және олардың жұмысына бақылауды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді;
- Жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді;
- материалдық-техникалық базаны қайта жарақтауды және қайта құруды ұйымдастырады;
- педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;
- кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және тәрбие процесінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;
- әлеуметтік серіктестік және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
- уәкілетті органға оқу, ғылыми және қаржылық қызмет нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) еркін түрде жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмелері;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ- 175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама»;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығының жоқтығы туралы анықтамасы;
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, еңбек өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.) ұсына алады.
Конкурсқа бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар қабылданбайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар кәсіпорынға құжаттарын электронды түрде электрондық пошта мекенжайына med.col.priem@ zhambyl.kz құжаттарды қабылдау аяқталғанға дейін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурстың өтетін күні: Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.
Конкурстың өтетін орны: 080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ниетқалиев көшесі, 20, кабинет №106, тел. 8 (726) 45-37-16, med.col.priem@zhambyl.kz
Конкурсқа жіберілген үміткерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен белгіленген тәртіпте әңгімелесуден өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді