Жиынның күн тәртібіне 2024 жылдың қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармасымен оған қарасты мекемелерге азаматтардан түскен өтініштердің барысы туралы мәселе қаралды. Басқосу барысында партия облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Үміт Ибраймова баяндама жасады.
Оның сөзінше, партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне түскен 3 683 өтініштің 350-і немесе 9,5 пайызы денсаулық сақтау саласына қатысты түскен. Бұл өтініштердің 201-і немесе 57 пайызының оң шешілуіне партия тікелей ықпал еткен. Партияға денсаулық сақтау саласына қатысты тегін дәрі-дәрмек алу, мерзіміне сәйкес ауруханаға жатқызу, мүгедектік тағайындау және т.б. бойынша толассыз өтініштер кеп түсуде. Ол мәселелер де құзырлы органдар арқылы заңнамаға сәйкес ішінара оңынан шешілуде.
Ал, әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев арыз-шағымның басым көпшілігі емханаларға қатысты түсетінін жеткізді. Десе де басқарма тарапынан әр аптаның жұма күні басшының жеке қабылдау жүргізіліп, жауапты ұйымның бас дәрігерлерімен қабылдау өткізіліп арыз- шағым жедел әрі қолжетімді шешіліп жатқанын хабарлады.
Комиссия мүшелері бас дәрігерлердің жауапкершілігін күшейтіп, емханаларға зерделеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы ұсыныстарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
Жауапкершілікті күшейтетін тарихи мүмкіндік
- 12 наурыз, 2026
101 шаруаға жеңілдетілген несие берілді
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




