"Халықаралық Әулие-Ата әуежайы" жылына 650 мың жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2025
- 1.7k
Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті тарапынан «Алматы-Тараз-Алматы» және "Тараз-Атырау-Тараз" әуе бағыттары субсидияланады. Билет құны Алматыға 16 000 тг., Атырауға 28 000 тг. құрайды. Ал, "Тараз-Астана-Тараз" әуерейсі коммерциялық болып есептеледі.
Айта кетейік, аумағы 6 800 шаршы метр құрайтын жолаушылар терминалы бір мезетте 3 рейс ұшу және қону (сағатына 600 жолаушыға дейін) операцияларын орындап, Әулие-Ата әуежайы жылына 650 мың жолаушыға қызмет жасай алады. 2011 жылдан бері «SCAT» авиакомпаниясы» АҚ әуежайға 100% иелік етуде. 2015 жылы Әулие-Ата әуежайына қайта жаңарту жүргізіліп, заманауи талаптарға сәйкестендірілді. Бүгінде 250-ге жуық қызметкер жұмыс істейді.
Әуежайдан 2024 жылы 214 928 жолаушы, 68,9 тонна жүк тасымалданып, тұрақты негізде Астана, Алматы және Атырау қалалары бағыттарында әуе рейстері орындайды.
Ұқсас жаңалықтар
Қарызды уақтылы қайтару – садақа беруден де жақсы
- 31 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




