«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Хабарландыру

Хабарландыру
Ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңестерінің мүшелерін іріктеуге конкурс жариялайды

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы жанындағы Конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты кейбір шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлғаларға конкурс жариялайды.

Конкурстың өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78 үй, 331-кабинет.

1. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Әулиеата шағынауданы, №8 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша: арнайы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационарлық консультациялық-диагностикалық, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету арқылы ересектерге және балаларға, онкологиялық ауруларға гинекологиялық ауруларға және көпбейінді бастапқы медициналық-санитарлық көмек, медициналық қызмет көрсету.

2. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ұлтанбаев көшесі, 111.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Ересек және балалар мүгедек жүйесінің немесе зақымданған органның жоғалтқан функцияларын сауықтыру, қалпына келтіру, түзету және (немесе) өтеу, мүмкін болатын мүгедектік дәрежесін төмендету және алдын алу, емдеудің алдыңғы кезеңінен оң динамиканы бекіту, денені жалпы сауықтыру, оның тұрақтылығы мен қарсылығын арттыру, процестің хронизациясының алдын алу. 3-ші кезең бойынша ересектер мен балаларға қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту.

3. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық қан орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, әл-Фараби көшесі, құрылым 2 Б.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

1) Донорлық кадрларды жоспарлау және тіркеу, барлық емдеу- профилактикалық ұйымдарында (орталықтарда, бөлімдерде, қан кабинеттерінде) донорлардың медициналық куәлендіруін дұрыс жүргізуді бақылау;

2) Ақпараттық-насихаттау және баспасөздік қызмет: донорлыққа насихаттау және үгіттеу жұмысын тұрғындар арасында ұйымдастыру және жүргізу;

3) Консервіленген донорлық қанды дайындау, донорлық плазма және цитоферезін жүргізу, қан компоненттерін жасау, препараттарды дайындау;

4) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен номенклатураға сәйкес, емдеу-профилактикалық ұйымдарды қан, оның компоненттері және препараттармен қамтамасыз ету;

5) Қан қызметі мәселесі бойынша Жамбыл облысының денсаулық сақтау ұйымдарына әдістемелік, заңдылық, кеңестік және практикалық көмек көрсету;

6) Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдайларда медициналық қызметтің азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлары бойынша арнаулы іс-шараларды жоспарлау және жүргізу;

7) Республикадағы ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп түрлі патологиялық жағдайларда қан компоненттерін және препараттарын құюға дифференциалданған көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша ғылыми-тәжірибелі, қанды дайындау және консервілеу әдістерін жетілдіру, жаңа қан препараттарын дайындап, қолдану жұмыстарын жүргізу.

4. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, №117 А.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Жамбыл облысы және Тараз қаласы бойынша жедел жәрдем және шұғыл медициналық жәрдем көрсету, шұғыл медициналық көмек, санитарлық авиация түрінде жедел жәрдем көрсету, бастапқы медициналық санитарлық көмек, төтенше жағдай кезінде реанимация таксикологиялық бригадасымен медициналық көмек көрсету. Алдын ала медициналық көмек көрсету.

5. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Жамбыл облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі, 153

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Жамбыл облысы бойынша инфекциялық аурулардан зардап шегетін тұлғаларға медициналық көмек көрсету және стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсету, олардың сапасын үнемі арттыру арқылы диагностика мен емдеудің қазіргі заманғы әдістерін жүргізу болып табылады.

6. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы № 5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Рысбек батыр көшесі, 13 «А».

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек пен консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық- емханалық көмек көрсету.

7. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарыкемер ауылы, Сейфуллин №25

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Байзақ ауданы бойынша: арнайы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационарлық консультациялық-диагностикалық, бастапқы санитарлық-медициналық көмек көрсету арқылы ересектерге және балаларға, бастапқы медициналық-санитарлық көмек, медициналық қызмет көрсету.

8. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, №54 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Қордай ауданының тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласындағы өндірістік- шаруашылық қызметін атқару.

9. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Досымбаев көшесі, 38 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Мойынқұм ауданының тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін атқару.

10. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Сарысу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, 3 мөлтек ауданы, №1 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Сарысу ауданының тұрғындарына стационарлық медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру, денсаулық сақтау саласындағы өндірістік- шаруашылық қызметін атқару.

11. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Шу аудандық орталық ауруханасы, Алтынсарин қиылысы, №1А.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Шу ауданы бойынша ересектер мен балаларға, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге, гинекологиялық пациенттерге, көпбейінді, білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационарлық, стационарды алмастыратын, амбулаториялық- емханалық, консультациялық-диагностикалық, алғашқы медициналық- санитариялық көмек көрсету, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру.

12. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу қаласы, Сәтбаев көшесі, 155 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Шу қаласы тұрғындарына білікті алғашқы амбулаториялық медициналық көмекті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, денсаулық саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.

13. «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Кәсіпорынның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Шу қаласы, Әбдікерімов көшесі, 17 үй.

Кәсіпорынның негізгі қызметі:

Шу қаласының, Шу және Мойынқұм аудандары бойынша: арнайы мамандандырылған, жоғары мамандандырылған, стационарлық, консультациялық-диагностикалық ересектерге және балаларға, жүкті әйелдерге, босанушыларға, босанған әйелдерге, гинекологиялық ауруларға, жаңа туылған сәбилерге көпбейінді медициналық қызмет көрсету, денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

2. Байқау кеңесінің мүшесі болып келесі тұлға сайлана алмайды:

1) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

2) осы заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам уақыт ішінде заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

4) бақылау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы тұлға.

Конкурсқа қатысу үшін тиісті құжаттар осы хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 30 күнтізбелік күн ішінде «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мына мекенжай бойынша ұсынылуы тиіс:

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331-бөлме, тел: 8/7262/43-76-19.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау осы хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) ұсына алады.

Конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78, 331-бөлмеде жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімі бар конверт «Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін құру қағидаларын, байқау кеңесінің құрамына сайланатын адамдарға қойылатын талаптарды, сондай-ақ Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №113 бұйрығының талаптарына сәйкес және сондай-ақ бақылау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату ережелеріне сәйкес рәсімделуі тиіс.

Ұқсас жаңалықтар