Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
- author «Ақ жол»
- 23 қаңтар, 2025
- 1.0k
Сенім грамоталарын Кипр Республикасының елшісі Петрос Накузис, Жапония елшісі Ясумаса Ииджима, Қыт ай Халық Республикасының елшісі Хань Чуньлинь, Австрия Республикасының елшісі Андреа Бахер, Буркина-Фасо елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсоба, Лаос Халық Демократиялық Республикасының елшісі Сипхандон Ойбуабудди, Жаңа Зеландия елшісі Марк Джулиан Трейнор, Дания Корольдігінің елшісі Йеспер Вар, Словения Республикасының елшісі Аленка Сухадолник табыстады.
Президент еліміз жаһандық және өңірлік деңгейдегі тыныштық пен қауіпсіздікті қолдауға бағытталған бейбітсүйгіш саясат ұстанатынын жеткізді. Бұл – Қазақстанның сыртқы саясаттағы басты бағдары.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан әлемдік ауқымдағы іс-шаралар мен кездесулерге ұйытқы бола отырып, халықаралық аренадағы белсенді ойыншыға айналды. Өңірдегі ірі экономикасы бар ел ретінде түрлі мемлекеттерден инвестицияны көптеп тартып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан нарығы экономикалық ынтымақтастыққа ашық.
Кездесу соңында Президент елшілердің ресми түрде дипломатиялық миссияларының басталуымен құттықтап, олардың мемлекеттер басшыларына ыстық ықыласын жеткізді.
Akorda.kz
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




