Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылғы жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
- author «Ақ жол»
- Бүгін, 14:07
- 47
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департаментпен 74 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде: тізбеге сәйкес – 14, жоспардан тыс – 60, оның ішінде, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 11, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша – 49.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 74-те жалпы сомасы 65 071,0 миллион теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: 63 168,2 миллион теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 280,4 миллион теңгесі бюджетке өтелуге жатады (68,3 миллион теңге бюджетке өтелді, бұл 24,3 пайызды құрайды), қалпына келтіруге жататыны 2 452,2 миллион теңге (орындалған жұмыстар мен қызметтер есебінен қалпына келтірілгені – 201,5 миллион теңге, бұл 8,2 пайызды құрайды), 60 435,6 миллион теңгесі – бухгалтерлік есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде 51 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 47 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 21,3 миллион теңге бюджетке толығымен өтелді.
Құқық қорғау органдарына 1 440,5 миллион теңге сомасымен 4 материал берілді, онда 1 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қаржылық бұзушылықтардың негізгі үлесі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 59 909,0 миллион теңге (қаржылық есептілік саласындағы бухгалтерлік есеп бойынша бұзушылықтары – 57 356,2 миллион теңге), бұл 94,8 пайыз, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша аудит жүргізу кезінде анықталды – 2 846,0 миллион теңгеге, яғни 4,5 пайыз, Комитеттің тапсырмасы бойынша – 413,2 миллион теңге – 0,7 пайызды құрайды.
Айта кетсек, қаржылық бұзушылықтардың келесі түрлері анықталды, олар:
- бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бұзушылықтар – 60 217,0 миллион теңгеге;
- жалақы, іссапар және басқа төлемдер бойынша бұзушылықтар – 882,4 миллион теңгеге;
- мемлекеттік активтерді пайдаланудағы бұзушылықтар – 89,4 миллион теңгеге;
- орындалмаған жұмыстар, көрсетілмеген қызметтер және жеткізілмеген тауарлар үшін қаражатты төлеу – 1 178,4 миллион теңгеге анықталды.
Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №598 «Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне камералық бақылауды жүзеге асырады, оның мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және болдырмау, мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені азайту және камералдық аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше дербес жою мақсатында құқықтар беру болып табылады.
2024 жылдың 30 желтоқсанына 26780 (лот) мемлекеттік сатып алуға камералдық бақылау жүргізіліп, өндірілуге тиіс 26975, яғни 99,3 пайызды құрайды, оның ұйымдастырушылары мен тапсырыс берушілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы 6398 хабарлама жіберіліп, оның ішінде 6272 орындалды, яғни 98,0 пайыз орындалды.
Камералдық бақылау негізінде бұзушылықтарды жою туралы жіберілген хабарламаларды уақтылы және тиісінше орындамағаны үшін, ҚР ҚМ Ішкі мемлекеттік аудит Комитетіне банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы 40 хат жолданды, 54 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалып, соттың қарауына жолданды.
Бұдан бөлек, есептік кезеңде мемлекеттік сатып алу бойынша 2659 арыз шағымдар келіп түскен, оның 1539 шағым қанағаттандырылған және ішінара қанағаттандырылған, қанағаттандырудан бас тартқаны – 1120.
Сонымен қатар, департамент өз құзыреті шегінде аудит материалдары, құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдардан материалдары бойынша, ҚР бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы зңнамасы (ҚР Кодексінің 238-бабы) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы (ҚР Кодексінің 207-бабы) бойынша әкімшілік істерді қарайды.
2024 жылдың өткен кезеңінде департаментте барлығы 827 әкімшілік хаттамалар тіркеліп, оның ішінде: 664 материал қаралып әкімшілік айыппұлдар салынған, 163 материал сотқа берілген.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100,5 миллион теңгеге айыппұл салынып, бюджетке 95,0 миллион теңге өтелді.
Р.ДИЛЬДАЕВ,
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық мәслихат депутаттарының назарына
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді