Биыл 5 мыңнан астам жамбылдық газбен қамтамасыз етіледі
- author «Ақ жол»
- 21 қаңтар, 2025
- 1.6k
Бүгінгі күні Жамбыл облысында 78%елді мекен газбен қамтылып, газбен қамту деңгейі халық санымен 91,3% құрап отыр.Яғни, 371 елді мекеннің 288-де табиғи газқосылған.
2024 жылы облыс бойынша Қордай ауданының 3 елді мекеніне табиғи газ жүргізіліп, облыс халқының газбен қамтылу деңгейі 91,3% жетті.
2025 жылы, 9 елді мекен табиғи газбен қамтылып, облыстың газбен қамту деңгейін халық санымен 91,8%-ға жеткізу көзделуде.
Облыста Сарысу ауданының 14 елді мекенін газбен қамту үшін «Еврохим-Қаратау» және Шу ауданының 18 елді мекенін газдандыру үшін «Шу» автоматты газ тарату станцияларының құрылысы жүргізілуде. Жалпы құны – 41,9 млрд теңге.
Облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жобасы басталып, 9 елді мекеннің бастапқы 3 ауылына (Айдарлы, Бірлік, Биназар) газ құбырларын салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны - 18,5 млрд теңге.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




