Жаңалықтар
Азаматтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
- author «Ақ жол»
- 20 қаңтар, 2025
- 1.6k
Әділет министрлігі 2025 жылы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп «Kaspi Bank» АҚ постаматтары арқылы азаматтарға туу туралы куәлікті жеткізу бойынша пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл ХҚКО-ға бармай-ақ туу туралы куәлік алуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, АХАТ органдары берген электронды құжаттар бойынша – туу, қайтыс болу, неке қию және некені бұзу туралы куәліктер мен анықтамалар бойынша электрондық апостильді қолдануды дамыту жоспарлануда. Жаңа өзгерістер азаматтарға аталған құжаттарды алуға және оларға бір өтініш шеңберінде апостиль қоюға мүмкіндік береді.
Бұл қызметке 2025 жылдың төртінші тоқсанында қол жеткізілетін болады.
Аталған бастамалар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейін арттыруға, бюрократиялық рәсімдерді қысқартуға және азаматтарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған.
«Aq jol»-Aqparat.
Ұқсас жаңалықтар
Балаларға күлкі мен ой сыйлаған қаламгер
- 19 ақпан, 2026
Кедергісіз орта қалыптастыра аламыз ба?
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




