Ішкі істер министрлігі бопсалаушы қылмыстық топтарды анықтау және ұстау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Мәселен, жыл басында Павлодар, Петропавл қалалары мен Жамбыл облысында арамниетті қылмыскерлер ұсталды. Олар жүйелі түрде жастарды бопсалап, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекеттерге тартқан. Облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері шаруа қожалығының басшысынан 800 мың теңге ақша бопсалаған күдіктілерді қолға түсірді. Тінту барысында олардан шолақ мылтық пен оқ-дәрі тәркіленген. Қазіргі таңда бопсалау және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
– Өткен жылы полиция қызметкерлері 500- ден астам бопсалау қылмыстарын анықтады. Көбінесе қылмыскерлер қорқыту арқылы ақша бопсалаған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы 4 азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғынның беделін түсіретін бейнематериалдарды таратпағаны үшін 40 миллион теңге талап еткен. Құқық қорғау органдарына жүгіну қылмыстардың аталған түрінің жолын кесудің ең сенімді тәсілі, – дейді Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Алпыс Қуандық.
Шетелдік «дроппер» қолға түсті
Жамбылдық киберпол қызметкерлері облыстық прокуратурамен бірлесе отырып, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады. Ол Алматы қаласының сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша шығару бойынша алаяқтық схемасына қатысы бар деп күдікке ілінген. Айта кетейік, бұған дейін Тараз қалалық полиция басқармасына зейнеткер әйел алаяқтық бойынша арызбен жүгінген. Ол белгісіз адамның алдау жолымен оның 13 200 000 теңге көлеміндегі қаражатын иемденіп алғанын хабарлаған. Қаскүнем интернет-ресурстарды пайдалана отырып, оның банк шотына қатысты алаяқтық әрекет жасаған. Күдікті Қазақстан аумағынан шығуға әрекет жасаған кезде ұсталды.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай- ақ, күдіктінің басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
569 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды
Жамбылдық тәртіп сақшылары «Тасымалдаушы» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының 523-шақырымында «Toyota Alphard» автокөлігін тоқтатады. Тексеру барысында 31 жастағы жүргізушінің көлігіне алысқа түсетін жарыққа арналған LED шамдарын орнатқаны анықталған. Жүргізушінің аталған құқықбұзушылықты жыл ішінде қайта жасауына байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 590-бабының 10-бөлігіне сәйкес хаттама толтырылып, жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, аталған іс-шараның екінші күні 569 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі анықталды. Оның ішінде, заңсыз қайта жабдықтау бойынша 23, көлікті міндетті техникалық байқаудан өткізбеген 60, жылдамдықты асырған 71, қауіпсіздік белдігін тақпаған 60 және масаң күйде көлік басқарған 8 жүргізуші жауапкершілікке тартылған.
Қарсы бағытқа шығып, айыппұл арқалады
«Боран-4» автоэкипажының қызметкерлері Тараз қаласындағы Төле би көшесінің бойында жол ережесін өрескел бұзған «Volkswagen Passat» маркалы көлігін тоқтатады. Жол-патрульдік полицейлер жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында тағы бірнеше құқықбұзушылықтар анықтайды. Нәтижесінде оған қатысты жолдың қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін әрі қауіпсіздік белбеуін тақпағаны, көлікті техникалық байқаудан өткізбегені және міндетті сақтандыруы болмағаны үшін барлығы төрт әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы айып тұраққа қойылды.
Базар дүңгіршегіне ұрлық жасағандар ұсталды
Тараз қалалық полиция басқармасының «102» арнасына 23 жастағы қала тұрғыны арызданып, белгісіз тұлғалар орталық базардың аялдамасында орналасқан дүңгіршегінің есігін бұзып, қымбат бағалы тауарларын ұрлап кеткенін мәлімдеген. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел- іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 23 жастағы екі ер адам анықталып, ұсталды. Күдіктілер бұрын осыған ұқсас қылмыстары үшін сотты болған. Олардан айғақ заттар тәркіленді. Бұл күнде аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің «ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Сотқар бала қайдан шығады?
- 20 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді