Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде өткен жылдың қорытындысы бойынша жиын өтті.
Басқосуға департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Қайырбек Есентайұлы Ильясов қатысып, мекеменің жеке құрам қызметкерлерінің алдына нақты міндеттер қойды.
Ол өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлерінен мекемедегі құқықтық тәртіпті нығайту, жазасын өтеушілердің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жетілдіру және сотты болғандарды жұмыспен қамтамасыз ету бағытында кешенді жоспарларды өз деңгейінде орындалуы талап етілетінін баса айтты.
Өз кезегінде мекеме бастығы, әділет подполковнигі Бақтияр Онбаев баяндама жасап, түзеу мекемесіндегі жедел жағдайдың тұрақтылығына айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар
«Бала үшін ең маңыздысы – өзін қауіпсіз сезіну»
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




