– Әділдік – бәрін теңестіру деген сөз емес. Менің ел байлығын әділ бөлу туралы ұстанымым меншік иелерін мүлкінен түгел айырып, активтерді қайта бөлу дегенді білдірмейді. Біз іштен іруге және жүгенсіздіктің белең алуына әкеп соқтыратын мұндай жолмен жүрмейміз. Сондықтан, кезінде базбіреулерге орынсыз берілген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару – популистік қадам емес, керісінше, әділдік қағидасы негізінде Қазақстанды жаңғырту стратегиясы. Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет. Онда азаматтардың бәрі заң алдында тең болады, заңдарды, ережелерді және нормаларды қатаң сақтай отырып, жалпыға бірдей мүмкіндіктерді толық пайдалана алады. Айтпақшы, заңсыз алынған қаржы және басқа да активтерді қайтаруға қатысты жұмыстың нәтижесінде 2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 триллион теңгеден астам (4,1 миллиард доллар) қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?, – деді Мемлекет басшысы.
Рас, тәуелсіз елімізде құқықтық сауаттылықты арттырып, құқықтық мәдениетті дамытудың маңызы зор. Осы орайда құқықтық мәдениет пен құқықтық сауаттылықты бір ұғым деп қарастырсақ артық етпейді. Құқықтық мемлекет құрудағы басты мақсат – адамдардың құқықтық санасын өзгерту арқылы жоғары құқықтық мәдениеттілікке қол жеткізу. «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», – деп ер Баукең айтқандай, өз елінің заңына бағынған қоғамда қатал тәртіп орнатылары сөзсіз. Өйткені, тәртіп болған жерде түрлі құқық бұзушылық белең алмайды. Ал, құқық бұзушылық жоқ қоғамда өмір сүру адам бойына жайлылық пен сенімділік ұялатып, бақытқа бөлейді. Сондықтан, құқықтық мәдениеттілікті арттырудың бірден-бір жолы заң нормаларын жетік білу, талаптарына бағыну, сыйлай білу, міндеттілігін ұғыну.
Жалпы, елімізде бұған дейін жүргізілген конституциялық реформаның маңызы зор. Соның арқасында билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік күшейе түсті. Қазіргі таңда мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге баса мән берілуде. Конституциялық реформаны іске асыру мақсатымен тиісті Конституциялық заңдар қабылданды. Бұл ретте адам құқықтарын қорғау институттарын жетілдіруге үлкен көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Бастысы, Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне нық қадам басты. Мемлекет басшысының бастамасымен кешенді реформалар қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Парламент конституциялық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін бірқатар заң қабылдады. Президент еліміздің саяси, экономикалық және әлеуметтік даму басымдықтарын белгілеп берді. Ең басты мақсат – заң үстемдігі салтанат құрған әділетті мемлекет құру. Ендігі кезекте осы жолда бүкіл қоғам болып жұмылып, бірлесіп жұмыс істеу аса маңызды.
Баршаға белгілі, екі жыл бұрын 1 қаңтардан бастап Конституциялық сот жаңартылған форматта қайтадан жұмысын баст ады. Пре зидент, Парламент депут атт ары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бас прокурормен қатар қарапайым тұрғындарға да Конституциялық сотқа тікелей жүгіну құқығының берілуі – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі. Шын мәнінде, әр демократиялық мемлекеттің басты міндеті – заң үстемдігін орнату және азаматтардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Елімізде кейінгі жылдары құқықтық жүйені жетілдіру мақсатында бірқатар реформа іске асырылып келеді. Соның бірі – Конституциялық соттың қайта құрылуы. Егемендіктің алғашқы жылдары елімізде мұндай конституциялық бақылау органы жұмыс істеген еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» заң Конституциялық сотты Ата заңымыз сот арқылы қорғаудың жоғары органы ретінде бекітіп, 1992 жылы қабылданған «Конституциялық сот туралы» және «Конституциялық сот ісін жүргізу туралы» заңдардан кейін өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, Конституциялық сот егер Конституцияға қайшы келсе, Президенттің күшіне еніп қойған жарлықтары мен заңдарының күшін жоя алатын құзыретке ие. Бұл органның ел есінде қалған шешімдерінің бірі – Парламент рөлін атқарған Жоғарғы Кеңес сайлауын заңсыз деп тануы еді. Осы шешімнен кейін Жоғарғы Кеңе с т аратылды. Сол ке здегі «Конституциялық сот ісін жүргізу туралы» Заңының 18-бабына сәйкес Конституциялық сотқа талап-арыз беру құқығы Бас прокурорға тиесілі болды, яғни өтініш беру субъектісіне жатты. Ал, 1995 жылы 30 тамызда жаңа Конституция қабылданып, Конституциялық кеңес құрылып, соған сәйкес Конституциялық сот жұмысын тоқтатты. Конституциялық кеңес Президент пен Парламент сайлауының, референдумның заңға сәйкес өтуін қараған. Сонымен қатар, Президент қол қоймаған, бірақ Парламент қабылдаған заңдардың, халықаралық шарттардың ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін тексерген және Конституция нормаларына ресми түсiндiрме берген.
Бұдан бөлек, Конституциялық кеңе стің құқықтық мәртебе сін айқындайтын ережелер негізгі заңның «Конституциялық кеңес» деп аталатын VI бөлімінде бекітіліп, кеңестің құзыреті, бұл органға өтініш беру субъектілері және оның салдары, кеңестің құрамын қалыптастыру тәртібі, шешімдерінің заңды күші мен сипаты анықталған. Конс- титуциялық кеңестің құрылу мен қызмет мәселелері «Конституциялық кеңес туралы» Конституциялық заңмен реттелген. Бұл заң бойынша Бас прокурор Конституциялық кеңеске өтініш беру субъектісіне жатқан жоқ. Қысқасы, Конституциялық кеңес жұмыс істеген 27 жыл ішінде конституциялық бақылау органы ретінде Конституцияның үстемдігін тиімді қамт амасыз етті. Оның тәуелсіздігі және биліктің бірде-бір тармағына кірмеуі конституциялық құндылықтарды өз бетінше қорғауға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысы 2022 жылы 16 наурыздағы «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында: «Көптеген елде Конституциялық сот институты бар. Оған кез келген адам өзінің сауалын жолдай алады. Сарапшылар Ата заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуын осы мекеме тиімді қамтамасыз етеді деп санайды», – дей келе, елімізде қайтадан Конституциялық сот құруды ұсынды. Түсіне білгенге, бұл бастама – әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам. 2022 жылы 5 маусымда өткен жалпыхалықтық референдумда Конституцияға өзгерістер мен түзетулер енгізіліп, Конституциялық соттың құрылуы да сол кездегі түзетулердің бір бөлігі болды. Дәл сол жылы 5 қарашада Президент қол қойған «Конституциялық сот туралы» Конституциялық заң қабылданып, жаңа институттың мәртебесі мен құзыретін толық айқындап берді. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастаған соттың басты ерекшелігі – оған барлық азаматтар, қарапайым адамдар өздерінің конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғаны туралы өтініш бере алады. Ал, Конституциялық кеңеске жеке тұлғалар жүгіне алмайтын.
Жалпы, Конституциялық соттың құзыретіне с айлауды өткізудің дұрыстығы және Парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың ратификацияланғанға дейін республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сондай-ақ, Конституция норма ларына ресми түсіндірме беру құзыреті кіреді. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайды. Сонымен қатар, Конституциялық сотқа жүгіну құқығы Бас прокурор мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілге де берілді. Бұлар конституциялық іс жүргізуге бастамашылық жасау өкілеттігі берілген жаңа субъектілерге жатқызылды. Конституциялық соттың бұл субъектілердің жолданымдарын қарауы – негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз етудегі тиімді тетігі. Ең бастысы, Конституцияда мемлекеттің ең жоғары құндылықтары деп танылған адамның құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, бұл жүйенің жұмыс істеуіне тікелей байланысты.
Негізгі заң бойынша Конституциялық сотпен прокуратураға жүктелген міндеттер бір-біріне жақын. Конституциялық сот конституциялық заңдылықты қамт амасыз етеді, прокуратура заңдылықтың сақталуындағы жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлар қадағалауды жүзеге асыра отырып, күн сайын заңнамалық және өзге де құқықтық актілерді қолданады. Конституцияға, заңдарға, Президенттің жарлықтарына және ратификацияланған халықаралық шарттарға қайшы келетін заңға тәуелді актілер анықталған жағдайда, прокуратура оларға наразылық келтіреді. Атап өту керек, 2017 жылғы конституциялық реформаға дейін прокуратура органдарына заңдарға наразылық келтіру құқығы берілді, бірақ бұл тетік жұмыс істемей келген еді. Өйткені, ол кезде прокуратура конституциялық бақылау органына жүгіну субъектілеріне жатқан жоқ және оған конституциялық іс жүргізу бойынша бұрын қабылданған қорытынды шешімді түсіндіру туралы өтінішхатпен ғана жүгінуге құқылы болды. Енді 2022 жылғы конституциялық реформадан кейін заңдардың Конституцияға сәйкестігіне күмән туындаған жағдайда, прокуратура негізгі заңның 72-бабы 4-тармағының тәртібімен Конституциялық сотқа жолданыммен жүгінеді. Бұл ретте прокурорлар халық үшін маңызды және өзекті мәселелерді шешуге баса назар аудара отырып, Конституциялық сотқа жүгіну бойынша өз функциямызды іске асыруға мұқият қарайды. Осы бағытта Бас прокуратура Конституциялық сотқа жолданымдарды дайындау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сондай- ақ, прокурорлар Конституциялық соттың шешімдерін орындау үшін уәкілетті органдармен бірлесіп, заң жобаларын әзірлеуге қатысады. Бір сөзбен айтқанда, Конституциялық сот пен Бас прокуратураның өзара іс- қимылы қарқынды даму үстінде.
Конституциялық сот нормативтік қаулылары арқылы заңнаманы жетілдіру үшін маңызды құқықтық ұстанымдарды қалыптастыратынын және қолданыстағы құқықтан Конституцияға сәйкес келмейтін нормаларды жоятынын атап өткен жөн. Бұл конституциялық тексеру барысында анықталған құқықтық олқылықтарды жедел шешуге мүмкіндік береді. Конституциялық бақылау бүгінде Конституция ережелерінің тікелей қолданылу қағидасын іске асыруды қамтамасыз ете бастады. Бұған Конституциялық соттың қарапайым азаматтардың құқықтарымен мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнаманың бірқатар нормалары негізгі заңға сәйкес келмейді немесе заңдар деңгейінде шұғыл өзгеруге жатады деп танылған қаулылары дәлел бола алады. Конституциялық соттың конституциялық заңдылықтың жай-күйін бақылауды ұйымдастыру үдерісіне Бас прокуратураның белсенді қатысуы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақс атында құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға елеулі үлес қосады деген сенім мол.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді