Жамбыл облысы ПД өткен жылды қорытындылады — 2025 жыл профилактика жылы деп жарияланды
- author «Ақ жол»
- 16 қаңтар, 2025
- 678

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов атап өткендей, Мемлекет басшысы әділетті Қазақстанның негізі болып табылатын «Заң және Тәртіп» принципін жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
Полиция осы қағидатты елімізде берік орнықтыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан құқық қорғау органдарының алдында азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету міндеті тұр.
– Бізге ұсақ бұзақылық пен вандализмнен бастап, заңсыз көші-қон мен ауыр қылмыстарға дейін барлық құқық бұзушылықтарға қатысты ең қатаң шаралар қабылдау тапсырылды. Қылмыстарды барынша жедел ашу қажет, – деді ПД бастығы Бақытжан Малыбаев.
2025 жыл Ішкі істер министрі тарапынан Профилактика жылы деп жарияланды. Барлық жерде «Полиция – Заң және Тәртіп күзетінде» қағидасы сақталуы тиіс. Әрбір азамат өзін қауіпсіз сезінуі қажет. Осы мақсатта құқық қорғау жүйесі үйлесімді және тиімді жұмыс істеуі тиіс. Ең алдымен, заң бұзған кез келген адам міндетті түрде жауапкершілікке тартылуы тиіс деген заң талаптары мүлтіксіз орындалуы керек.
Гүлдана Апиза,
Жамбыл облысы Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін – Қазақстан полициясы күні
- 23 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді